Өңір жаңалықтары
Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көш бастап тұр
Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Жамбыл облысының тұрғындарымен есептік кездесуде мәлімдеді. Өңірде жалпы қуаты 441 МВт болатын 19 жаңартылатын энергия көздері объектісі жұмыс істейді, оның ішінде қуаты 251 МВт-тан асатын 5 күн электр станциясы, қуаты 176 МВт құрайтын 9 жел электр станциясы және қуаты 15 Мвт болатын 5 гидроэлектр станциясы бар. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін жиынтық қуаты 120 МВт болатын 2 ЖЭК объектісін іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Абай облысында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 19 сәуірдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңестегі тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 12 желтоқсанында «Абай облысының азаматтарын қабылдау орталығы» жобасын кеңейту туралы №1 бірлескен бұйрық бекітілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Астана әкімі қаланың әлеуетті құрылыс аудандарын атады
Президенттің тапсырмасы бойынша Астананы 2035 -жылға дейін дамытудың жаңа бас жоспары әзірленді. Қаланың аумағы өзгеріссіз қалып, шамамен 80 мың гектарды құрайды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде айтты.
Астана әкімі: соңғы жылдарға қарағанда биыл қала алғаш рет жылыту маусымына үлкен профицитпен кірді
Астананың жаңа аудандарын жеткілікті жылу қуатымен қамтамасыз ету үшін ЖЭО-3 бірінші кезегінің, «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» екі газ жылу станциясының құрылысы аяқталды, ол қосымша 1130 Гкал жылу қуатын қамтамасыз етті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуінде елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Астанадағы білім беру жүйесі жетілдіріліп жатыр
Елорданың мектептері мен балабақшаларындағы оқушы орындарының айтарлықтай тапшылығы бар. Әсіресе, бұл жағдай жаңа құрылыс аудандарында байқалады. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде осы мәселені қозғады.
Қуатты өңірлер – қуатты ел: Батыс Қазақстан облысы, 2023 ж. Тұрақты өсу және барлық салаларды жаңғыртуға бағдар
Батыс Қазақстан облысы – еліміздің дамыған индустриалды және аграрлық өңірлерінің бірі. Жыл соңында өңірде «Рожковское» ірі газ конденсаты кен орны өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Бұл – маңызды оқиға. Жалпы, биыл экономиканың негізгі салаларында тұрақты өсуге қол жеткізілді. 2023 жылы облыс түрлі салаларда қандай нәтижелерге қол жеткізгені туралы толығырақ ОКҚ мен ел өңірлерінің бірлескен жобасы аясында дайындалған кезекті материалда.
Қазақстанда «Рожковское» кен орнында газ өндіру басталды
Батыс Қазақстан облысында «Рожковское» ірі газ конденсаты кен орны өнеркәсіптік пайдалануға берілді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір режимінде табиғи газ және конденсат өндіру жобасын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қуатты өңірлер – қуатты ел: Жамбыл облысы 2023 жылы. Тұрақты даму факторлары
Жамбыл облысы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, баламалы энергетика және туризмдегі әлеуетімен ғана танымал емес. Бірнеше жыл бұрын өңірде «Асар» дәстүрі қайта жаңғырды – ауылдастар бірігіп, бірінші кезекте мұқтаж жандарға: көпбалалы, сондай-ақ мұқтаж отбасыларға үй салады. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен биыл осындай 49 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. ОКҚ мен еліміздің өңірлері дайындаған келесі материал 2023 жылы Жамбыл облысы қол жеткізген нәтижелерге арналады.
Қуатты өңірлер – қуатты ел: Шығыс Қазақстан облысы, 2023 ж. Негізгі даму үрдістері
Шығыс Қазақстан облысында 2024 жыл Жолдар жылы болып жарияланды. Көлік артерияларын жөндеуге және салуға бюджет екі есеге артады. 600 шақырым жол мен көшелерді жөндеу жоспарланып отыр. Ал облыс 2023 жылды қандай нәтижемен аяқтап жатыр? Өнеркәсіпті дамыту, өңдеу, туризм – бұл салалар өңірдің ерекшелігін құрайды, сонымен қатар дамуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ өңірлермен бірлесіп дайындаған арнайы жобасы аясында толығырақ баяндаймыз.
Абай облысының тұрғындары мемлекеттік қолдаудың арқасында өздерінің бизнес-жобаларын табысты жүзеге асыруда
Абай облысы жастарының арасынан 226 адам кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредит алды. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өңір тұрғындары өздерінің бизнес-жобаларын табысты жүзеге асыруда, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қызығушылық туғызатын орындар. Алматы әкімі мегаполис экономикасын дамытудағы басымдықтар туралы айтты
Шағын және орта бизнесті қолдау Алматы қаласы әкімдігінің жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Ол мегаполис экономикасында және алматылықтарды жұмыспен қамтуда ерекше рөл атқарады. ШОБ-тің қала экономикасындағы үлесін 60%-ға дейін ұлғайту күтіліп отыр. Осындай мәліметтермен Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде мегаполис басшысы Ерболат Досаев бөлісті.
Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздік күшейтіліп жатыр – шаһар басшысы
Алматы қаласындағы сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту үшін осы жылдың қазан айынан бастап 16,7 мың объектіні қамтитын қала ғимараттарында аудит басталды. Биыл 3,5 мың нысанның аудит жасалады, қалған 13,2 мың объектіні 2024 жылдың соңына дейін тексеру жоспарланған. Қала әкімі тілішілер қауымымен кездескенде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелерімен бөлісті.