Өңір жаңалықтары
Жылу, су және электр қуаты бар. Е. Көшербаев Риддер ЖЭО-сының жағдайы туралы айтты
Бүгінгі таңда жылу көздері жабдықтарының және желілерінің қатты тозуы жалпы еліміз бойынша негізгі проблема болып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді. Ол бұл бағытта нақты жоспардың барын және бәрі біртіндеп шешілетінін жеткізді.
Емдеу және оңалту. ШҚО басшысы өңірде медициналық туризм мен денсаулық сақтау салаларының даму барысы туралы айтып берді
Шығыс Қазақстан облысында 320 медициналық мекеме бар. Оларда 8,3 мың адам, оның ішінде 2,2 мың дәрігер жұмыс істейді. Өңір басшысы Ермек Көшербаев өз баяндамасында медициналық туризм мен денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бірінші кезектегі міндет болып табылатынын атап көрсетті. Алайда орталық мемлекетік органдармен бірлесіп шешетін бірқатар проблемалық мәселелер бар екенін жеткізді.
Өңірді брендке айналдыратын іс-шараларды қолға алудамыз – ШҚО әкімі
Шығыс Қазақстан облысындағы туристер үшін тартымды орындардың көбі тау етектерінде немесе тау арасында орналасқан. Бүгінде аймақ әкімдігі сол жерлерге жол тарту мәселесін пысықтап жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған аймақ басшысы Ермек Көшербаев облыста туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жеке тоқталды.
Өсімдік майының экспортын екі есе арттыру, лецитин өндірісін іске қосу, балық өндірісін ұлғайту: ШҚО әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар туралы баяндады
Шығыс Қазақстан облысында 9,4 мың шаруа және фермер қожалықтары тіркелген, онда 18 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оған қоса, 44 мың жеке қосалқы шаруашылық бар. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы есептік кездесуде аймақ басшысы Ермек Көшербаев өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы ахуалдан ақпарат берді.
Инвестициялық жобалар халық үшін және заңнама шеңберінде іске асырылуы тиіс – ШҚО әкімі
Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына Шығыс Қазақстан облысынан жалпы құны 1,1 трлн теңге болатын 42 жоба енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы есептік кездесуде аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәлім етті. Үстіміздегі жылы 77 млрд теңгеге 8 жоба іске асырылып жатқанын айтқан аймақ басшысы Өскемен құс фабрикасындағы бройлер өндірісі мен май экстракция зауытының құрылысын атады.
ШҚО-ның өнеркәсіп саласында 1007 кәсіпорын жұмыс істейді
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы есептік кездесуде аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәлім етті.
Түркістан қаласының өз стилі болуы керек – Дархан Сатыбалды
Түркістандық ШОБ субъектілері жыл басынан бері 1 трлн теңгеден астам соманың өнімін шығарды – облыс әкімі
Түркістан облысы ет экспорты бойынша республикада көш бастап тұр
Түркістан облысы ауыл шаруашылығында 1 трлн теңгеден аса өнім жиналып, республикада көш бастады. Аймақтың агросаладағы жетістіктері туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған облыс басшысы Дархан Сатыбалды баяндап берді.
Түркістан облысында сүт, тоқыма және электр жабдықтары өндірісінің есебінен өсімге қол жеткізілді – облыс басшысы
Түркістан облысының бюджеті толықтай республикалық бюджет трансферттеріне тәуелді. Бұл аумақтық бөлінгенде негізгі өндіріс орындарының Шымкент қаласы аумағында қалып қойғанымен байланысты. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған облыс басшысы Дархан Сатыбалды осылай мәлім етті.
Түркістан облысында 140 ауылдық округ әкімдерін тұрғындар сайлады
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Атырау облысында Қазақстанның Батыс аймағының электр желілерін нығайту мақсатында салынған жаңа электр желілері іске қосылды. Ресми қосу рәсіміне телекөпір арқылы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.