Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
2 есе қымбаттады - қате тезис. Жазда Маңғыстауда сұйытылған мұнай газының бағасы литріне 80-85 теңге болды – сарапшы 3 қаңтар 2022

2 есе қымбаттады - қате тезис. Жазда Маңғыстауда сұйытылған мұнай газының бағасы литріне 80-85 теңге болды – сарапшы

Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде күтпеген жерден сұйытылған газдың бағасы 2 есе өсті деп жазды. Шындығында бұл олай емес. Сарапшы Олжас Байділдиновтың айтуынша, биыл литріне 60 теңге баға болған жоқ. Сол Жаңаөзенде жазда ауданның бағасы 80-85 теңге болатын.

Маңғыстау облысында ЖМҚС арасында баға алыпсатарлығы болуы мүмкін – Энергетика министрлігі 3 қаңтар 2022

Маңғыстау облысында ЖМҚС арасында баға алыпсатарлығы болуы мүмкін – Энергетика министрлігі

Маңғыстау облысының ай сайынғы тұтынуы 18 мың тоннаны құрайды, бұл «Қаз Газ өңдеу зауыты» ЖШС – 14,5 мың тонна, «Атырау МӨЗ» ЖШС – 3,5 мың тонна есебінен өтеледі. Бұл ретте шамамен автокөліктердің 90%-ы газды отын ретінде пайдаланады. 2021 жылғы 20-25 желтоқсанда өткізілген сауда қорытындысы бойынша АГТС үшін сатып алу бағасы: ҚазГӨЗ – тоннасына 130 684 теңге немесе литріне 77 теңге; АМӨЗ – тоннасына 109 872 теңге немесе литріне 65 теңге. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі отын жағдайы туралы айтып берді.

Сұйытылған мұнай газын өндірудің төмендеуі тұтынудың тұрақты өсуі аясында оның ішкі нарықтағы тұрақты тапшылығына алып келді – М. Мырзағалиев 3 қаңтар 2022

Сұйытылған мұнай газын өндірудің төмендеуі тұтынудың тұрақты өсуі аясында оның ішкі нарықтағы тұрақты тапшылығына алып келді – М. Мырзағалиев

Қазақстан ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеу үшін сұйытылған газдың жеткілікті ресурстарына ие және газ бойынша нетто-экспорттаушы болды. Жергілікті тұтынушыларды қолдау үшін газдың бағасы реттелді және тоннасына 38 мың теңге деңгейінде белгіленді. Яғни экспорттық бағадан 5-6 есе төмен. Бұл ретте Қазақ Газ Өндеу зауытында сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына шамамен 100 мың теңгені құрайды. Энергетика министрі жалпы еліміз бойынша, атап айтқанда Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газы бойынша жағдай туралы айта келе осындай мәліметтерді жария етті.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады 31 желтоқсан 2021

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Аптап ыстық өрт қауіпті және шомылу кезеңдеріне әсер етті - ТЖМ 23 желтоқсан 2021

Аптап ыстық өрт қауіпті және шомылу кезеңдеріне әсер етті - ТЖМ

Өрт қауіпті кезең Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында резонанстық орман өртінен басталды. Жергілікті тұрғындар зардап шегіп, орман қорына айтарлықтай зиян келді. Осыған байланысты табиғи өрттердің алдын алу күшейтілді - деді ТЖ министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған сейсмостанция орнатылды 23 желтоқсан 2021

Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған сейсмостанция орнатылды

Сейсмикалық қауіпті және жер сілкіністерін болжау қаупін төмендету мақсатында сейсмикалық қауіпті аймақтарда 63 стационарлық станция жұмыс істейді. Цифрлық технологияларды дамыту аясында Алматыда магнитудасы 4 балл және одан жоғары жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған сейсмостанция орнатылды, кейіннен мобильдік қосымшада көрсетілді. Алдағы уақытта тағы 28 станция орнату жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин хабарлады.

2025 жылға дейін Қазақстан кәсіпорындарында атмосфераға шығарындылар көлемі орта есеппен үштен бірге қысқарады 21 желтоқсан 2021

2025 жылға дейін Қазақстан кәсіпорындарында атмосфераға шығарындылар көлемі орта есеппен үштен бірге қысқарады

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының келіссөздері нәтижесінде қазандық жабдықтары мен газ тазалау жабдықтарын қайта құру, сондай-ақ әк күйдіру цехын Теміртау қаласының сыртына көшіру жоспарлануда. Компания 2025 жылға дейін атмосфераға шығарындыларды 30% төмендетуге міндеттенеді, сондай-ақ олар Теміртау қаласының айналасына 500 мың ағаш отырғызады. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев өңірлерде шығарындыларды азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға бірқатар мысалдар келтіріп өтті.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады 20 желтоқсан 2021

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Президентке 11 ай ішіндегі елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді.

Алыпсатарлыққа тыйым салу. Солтүстік Қазақстан облысында мереке кезінде бағаның көтерілуін болдырмау үшін күн сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі 10 желтоқсан 2021

Алыпсатарлыққа тыйым салу. Солтүстік Қазақстан облысында мереке кезінде бағаның көтерілуін болдырмау үшін күн сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі

«Сарапшылардың пікірінше, бүкіл әлемде азық-түлік бағасы үштен бірге өсті». СҚО әкімі Құмар Ақсақалов ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің сөзін журналистің сұрағына берген жауабында келтірді. «СҚО-да азық-түлік қымбаттады. Негізгі, мысалы, сәбіз, картоп, нан қанша тұрады. Бұл жағдайды қалай түзейсіз»,- деп сұрады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысушы.

СҚО әкімі: қандастарға құжаттарды рәсімдеуге көмектесеміз, ІІМ-мен жұмыс істейміз 10 желтоқсан 2021

СҚО әкімі: қандастарға құжаттарды рәсімдеуге көмектесеміз, ІІМ-мен жұмыс істейміз

Солтүстік Қазақстан облысына Иран мен Ауғанстаннан қоныс аударған қандастардың климат пен тұрмысқа бейімделуі қалай өтті? Бұл туралы өңір басшысынан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сұрады. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, облысқа күзде 25 отбасы қоныс аударған. Олар Есіл және Шал ақын аудандарына орналастырылды.

Құрылыс саласында 2021 жыл қарқынды өсу кезеңімен ерекшеленеді – СҚО әкімі 10 желтоқсан 2021

Құрылыс саласында 2021 жыл қарқынды өсу кезеңімен ерекшеленеді – СҚО әкімі

Солтүстік Қазақстан облысында 53 көпқабатты үй салынып жатыр, оның 23-і жеке құрылыс салушылар есебінен. 3,5 мың пәтер пайдалануға беріледі. Жаңа баспананы 12 мың солтүстікқазақстандық алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді.

Қ.Ақсақалов: біз үшін басты индикатор – үйдегі су. 4 жыл ішінде ауыл тұрғындарының 100% сумен қамтамасыз етіледі 10 желтоқсан 2021

Қ.Ақсақалов: біз үшін басты индикатор – үйдегі су. 4 жыл ішінде ауыл тұрғындарының 100% сумен қамтамасыз етіледі

2021 жылы СҚО-да жол желісін жөндеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Жол төсемі 813 км, оның ішінде елді мекендерде жақсарды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.