Өңір жаңалықтары
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берілді.
Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы екінші жылу электр станциясына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Айтқали Жақұтов атындағы екінші жылу электр станциясында болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназиясына барды
Президент Алматы қаласына жұмыс сапары аясында 1970 жылы өзі бітірген Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназиясына барды.
Жайықтың тартылуы: шаруашылықтар кәріздік тазарту сорғы станциясынан техникалық қажеттіліктерге су ала алады – Атырау облысының әкімі
Жайық өзенінің таяздануы үлкен экологиялық апатқа айналуы мүмкін. Әкімдік не істеп жатыр? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының басшысынан сұрады. Махамбет Досмұхамбетов бұл өзен трансшекаралық екенін түсіндірді. Оның негізінен Ресей Федерациясы аумағындағы сумен толығады – 80% астам. Су көлемінің тартылуына климаттық өзгерістер, жауын-шашынның аздығы әсер етеді. Екінші себеп – су қоймаларының көптігі. Лай жиналады.
Атырау – Астрахань тасжолындағы құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады
Атырау – Астрахань тасжолы проблемасы бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Атыраулықтардың айтуынша, жол нашар, апат, шаң болады. Жөндеу жұмыстары қашан бітеді? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетұлына осындай сұрақ қойылды.
Атырау облысының әкімі: Білім, денсаулық сақтау, спорт салаларын дамыту – басты басымдықтардың бірі
Ең маңызды басымдықтардың бірі - білім, денсаулық сақтау, спорт салаларын дамыту және осы салаларда көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті. Биыл 2 мектептің құрылысы аяқталды, 8 мектеп салынуда, оның ішінде 1 мектеп жыл соңына дейін тапсырылады. Сонымен қатар, 2 мектепке 430 орындық жалғама құрылысы жүргізілуде, оның 1-і жыл соңына дейін аяқталады.
Атырау қаласының ауа сапасына қатысты бірқатар ірі жобалар қолға алынды – М.Досмұхамбетов
Ластаушы заттардың көлемі көрсеткіші бойынша экологиялық ахуал өткен жылдың деңгейінде қалып отыр. Бұл орайда жабдықтар мен технологиялық процесстерді жаңғырту есебінен ірі кәсіпорындармен шығарындылардың көлемін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.
Ауыз сумен қамту бойынша Атырау облысы өңірлер арасында көш бастап тұр – М.Досмұхамбетов
Ауыл тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 98,5% көрсеткішімен Атырау облысы өңірлер арасында көш бастап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті.
Атырау облысының негізгі капиталына салынған инвестициялар жыл басынан бері 2 трлн теңгеден асты. Бұл республика бойынша салымдардың төрттен бір бөлігі
Жыл басынан бері Атырау облысында 6,7 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Республиканың өнеркәсіп көлеміндегі өңірдің үлесі - 23%. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 545 млрд теңгеден асты. Сондай-ақ құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік және байланыс салаларында өсім байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов хабарлады.
Тәуелсіздік жылдары Атырау облысының дамуын айқындайтын негізгі салалардың барлығында тың серпіліс болды
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің 2021 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен таныстырып өтті. Тәуелсіздік жылдары бүкіл елімен бірге Атырау өңірі де қарқынды дамып, жасампаздық қуаты еселеп өсті. Облыстың дамуын айқындайтын негізгі салалардың барлығында тың серпіліс болып, биік межелерге қол жеткізілді.
Түркістан 4 аумақта дамиды – облыс басшысы
Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар одан әрі жалғасын табады. Түркістан қаласын одан ары қарай дамуының 2-кезеңінің кешенді жоспарына өзгертулер енгізіліп, үкіметпен бекітілді. Түркістан 4 аумақта дамиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев хабарлады.
Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту жұмыстары атқарылуда
Ел тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде ең басты байлығымыз – халқымыздың саны өсті. Мегаполиске айналған Шымкент қаласы қанатын жайса, Түркістан облыс орталығына айналды. Бұл – Тәуелсіздіктің айтарлық бір жемісі. Елдің, келген мыңдаған қонақтардың айтуы бойынша көне қаланың бүгінгі келісті келбетіне, сән-салтанатына, оның рухани бағыт-бағдарына көз қуанып, көңіл көтеріледі. Бүкіл түркі дүниесінің теңдессіз тарихи жәдігер киелі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орын тепкен қасиетті мекен бүгінде рухани және мәдени, туризм кластеріне айналған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту жұмыстары одан әрі жалғасады.