Өңір жаңалықтары
Соңғы екі аптада тұрғындар арасында коронавирустық инфекциямен ауыру тұрақты төмендеп келеді - Қостанай облысының санитарлық дәрігері
Қостанай облысында COVID-19 жұқтырған 31 486 адам тіркелді, өткен тәулікте – 156 науқас анықталды, оның ішінде 145-і симптомды. Соңғы екі аптада облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен ауыру тұрақты түрде төмендеп келеді. RT коэффициенті бірліктен төмен. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев жария етті.
Қостанай обылысында 190 стационарлық және жылжымалы екпе пункті ашылды
Бүгінгі күні өңірге вакцинаның бірінші компонентінің 381 535 дозасы және екінші компонентінің 339 637 дозасы жеткізілді. Вакциналау 190 стационарлық және жылжымалы екпе пункттерімен жүргізіледі. Ойын-сауық орталықтарында да егу пунктері ашылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай обылысының денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Айтбаев Рүстем мәлім етті.
997 жосықсыз қатысушы «Ashyq» жобасынан шығарылды – Алматы облысының әкімдігі
Күн сайын мониторингтік топтар Алматы облысы тұрғындарының карантин режимін сақтауы бойынша рейдтік жұмыс жүргізеді. 1 қыркүйектен бастап 5 мыңнан астам нысанда 1295 рейд өткізілді, карантин режимін бұзушыларға қатысты шаралар қабылданды. Оның ішінде, қыркүйек айында 67-сі тексерілді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов осындай мәліметтерді келтірді.
Облыстың 120 мектебінде карантин енгізу туралы 176 қаулы шығарылды – Алматы облысы әкімінің орынбасары
Алматы облысының ауруханаларында екі айлық дәрілік заттар мен Жеке қорғаныс құралдарының қоры бар. Дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау мақсатында 1,3 млрд теңгеге тұрақтандыру қоры жасалды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 56 атауы қоймаларда сақталуда. Дәріханаларда дәрі тапшылығы жоқ. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі коронавирусқа қатысты жағдай және оған қарсы күрес туралы баяндады.
Коронавирустық пневмонияны анықтауға арналған цифрлық ішкі жүйе. Жыл басынан бері жасанды интеллект 134 мың пациенттен аурудың белгілерін анықтады, оның ішінде КВИ белгілері де бар
Облыстың инфекциялық стационарларында коронавирусты емдеу хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Дәрігерлер COVID-19 жұқтырған пациенттерді тиімді емдейді. Жыл басынан бері инфекциялық стационарларда 30 790 адам емделді. Тамыз айында – ауру шарықтаған кезде – стационарларда 7 599 пациент емделді. 12 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 510 адам стационарлық ем алды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов осындай мәліметтермен бөлісті.
Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы шаралар жалғасуда
Соңғы екі аптада облыста коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,9%-тен 0,6% төмендеді. Өңір қызыл аймақта. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов хабарлады.
Халықтың 84,4 пайызы «COVID-19» қарсы егілді – Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы
Ақпан айында вакцинация басталғанда өңірде 100 егу пункті болған, қазіргі кезде олардың саны 148 жеткізілді. Бүгінде Түркістан облысы вакцинациялау көрсеткіші ел бойынша 1-ші орында. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов хабарлады.
Жамбыл облысы «Ремдесивир» дәрілік затына қосымша тапсырыс берді
Жамбыл облысында бірыңғай дистрибьютормен стационар шеңберінде медициналық ұйымдарға 9,5 млрд теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімінің орынбасары Алмас Мадиев мәлім етті.
Тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізіледі – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Жамбыл облыс эпидемиологиялық ахуал бойынша «сары» аймаққа өтті. Осыған байланысты тиісті шаралар қабылдануда. 4176 мекеме «Ashyq» жобасы бойынша жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімінің орынбасары Алмас Мадиев мәлім етті.
Үйлесімді жұмыс және халықтың түсіністік танытуы. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы «жасыл аймақта» ұзақ болудың құпиясын ашты
«Жасыл аймақта» қалай ғана ұзақ уақыт қалып отырсыздар? Статистиканы жасырасыздар ма, ешкім ПТР тапсырмай ма, әлде жұмыстар дұрыс жолға қойылғандықтан ешкім ауру жұқтырмай ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына осындай сұрақ қойылды. Аймақ 15 тамыздан бастап «жасыл аймақта» тұр.
Алматыдағы омарташы туралы мақала Қазақстандағы климаттың өзгеруі мәселелері бойынша байқауда үздік деп танылды
Бүгін, Халықаралық көгілдір аспан үшін таза ауа күні, БАҚ өкілдеріне арналған байқаудың қорытындысы жарияланды. Сарапшылар климаттың өзгеруіне қатысты алаңдатарлық болжамдарға тағы да назар аударды. Бұл мәселелердің барлығы байқауға ұсынылған мақалаларда қамтылған. Жалпы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 50-ге жуық мақала жіберілді. Барлық ұсынылған мақалалар БҰҰ комиссиясының мұқият іріктеуінен өтті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори таңдау жасау қиын болғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытының жұмысымен танысты.