Өңір жаңалықтары
Шамамен 2 трлн инвестиция. СҚО-да 75 жобадан тұратын пул құрылды
Бір жыл ішінде өндіріс көлемі 50 млрд теңгеге өсіп, 306 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті. Ол барлығына перспективалы инвестициялық жобалар есебінен қол жеткізуге болатынына сенімді.
Өндіріс пен экспорттың өсу перспективасы. СҚО ет көлемін арттыруда
Өңір жыл сайын 60 мың тонна ет өндіреді, қажет болған жағдайда – 36 мың тонна. Артық өндіріс жүріп жатыр, бұл басқа өңірлерді ет өнімдерімен қамтамасыз етуге және экспортқа шығуға мүмкіндік береді. Дегенмен, СҚО өндіріс көлемін 1,6 есеге, 100 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр.
Біздің міндетіміз – ел тұрғындарын сапалы әрі дұрыс тамақпен қамтамасыз ету - Қ. Ақсақалов
Жыл сайын азық-түлік өнімдерін өндіру қарқыны арттырылуда. Күнтізбелік жылда облыс бойынша тамақ өндірісінің 22% - ға өсуі тіркелді. Сондай – ақ, сүт өнімдерінің сұрыпталымы 200-ден 230-ға дейін, ет өнімдерінің сұрыпталымы 110-нан 125-ке дейін өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
5 жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысына республикалық бюджеттен 500 млрд теңге бағытталады. Мақсат бір – солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру
Коронавирус пандемиясына қарамастан Солтүстік Қазақстан облысының экономикасы тұрақты жұмыс істеді. Ковидтік кезеңде біз халықтың табысы бойынша позицияларды сақтап қана қоймай, оларды арттыра алдық.
«Елбасы кубогі». Нұр-Сұлтанда бәйге түрлерінен республикалық турнирі өтеді – Б. Тілеухан
Елордада 26 маусым – 5 шілде аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көкпардан «ҚР көкпар федерациясының кубогі» республикалық турнирі өтуде, 3-4 шілде күндері «Өнер көкпары» республикалық турнирі, 5 шілдеде бәйге түрлерінен «Елбасы кубогі» республикалық турнирі ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мәлімдеді.
Қостанай облысының стационарларындағы төсек-орындардың резервтік қуатын 3 есеге арттыруға болады
Пандемия басталғаннан бері Қостанай облысында COVID-19 жұқтырудың 16 732 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта 1 111 инфекциялық төсек- орын бар, 22 стационарда 178 науқас емделуде. Жүктеме – 16%, бірақ қажет болған жағдайда төсек-орын саны 3 мыңға дейін артуы мүмкін. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ағымдағы жағдай туралы баяндады.
Әлеуметтік әл–ауқат – басты басымдық. Қостанай облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай орындалуда
Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты басты басымдық болып табылады. Бұл тұрғын үй мәселелерін шешумен тығыз байланысты. Ағымдағы жылы Қостанай облысы 4,5 мың пәтер, яғни жарты миллион шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша міндеттеме алды. Өсім шамамен 18% құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкім Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.
Қостанайлық рекорд. 2020 жылы көлік инфрақұрылымына 66 млрд теңге бағытталды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Нәтижесінде 775 шақырым автожолды қайта жөндеу және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 69-дан 75% - ға дейін өсті.
Пандемия кезінде жұмыс істеп тұрған ШОБ саны артты – А. Мұхамбетов
2021 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2% - ға ұлғайды. Қазір 53,4 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оларда 155,8 мың адам еңбек етеді. Бұл туралы аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
300 млн АҚШ долларына азық-түлік экспортталды - Қостанай облысының әкімі
Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының екінші базалық бағыты болып табылады. Оның ЖӨӨ-дегі үлесі 12,5%-ды құрайды, салада 117 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 25%-ы. 2020 жылы астықтың жалпы түсімі 4 млн тоннаны құрады. Ағымдағы жылы жаздық егіс 4,7 млн га құрады, оның ішінде 3,9 млн га дәнді және бұршақты дақылдар. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте саланың дамуы туралы баяндады
Машина жасау – Қостанай облысының экономикасын дамытудың драйвері. Өңір автокөлік нарығын әртүрлі көлік маркаларымен және ауылшаруашылық техникаларымен толықтыруға дайын
Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап 35% өсіммен 147 млрд теңгеден астам өнім өндірілді. Машина жасау үлесі өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің шамамен 40% құрайды. Қатарлы дестелегіштер – 2 – ге, трактор өндірісі - 2,5 – ке, комбайндар өндірісі 2,5 есеге жуық, жеңіл автомобильдер өндірісі 43%-ға артты. Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осындай мәліметтерді жария етті.
2020 жылы ЖӨӨ өсімі 2% артық болды – Қостанай облысының әкімі
Пандемия жағдайында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыспен қамтуды және халықтың табысын сақтау оңай болмаса да, күрделі мәселелер шешімін табуда. Алдыңғы жылдағы оң макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, 2020 жылы жалпы өңірлік өнімнің 2% астам өсіміне қол жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.