Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Өңірлерде жаңа білім беру нысандары пайдалануға берілді 17 желтоқсан 2025

Өңірлерде жаңа білім беру нысандары пайдалануға берілді

Балабақшалар мен мектептер Астана, Алматы қалаларында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында ашылды. Алматыда Медеу ауданында екі білім беру нысанының техникалық ашылуы өтті – 140 орындық жаңа №195 балалар ясли-бақшасы және реконструкциядан өткен №99 мектеп. Мектепте химия, физика және биология кабинеттері, спорт залы, бейнелеу өнері кабинеті, сондай-ақ 100 орындық акт залын қамтитын инфрақұрылым жасалған. Оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген: заманауи өрт қауіпсіздігі жүйесі енгізілген, дабыл датчиктері орнатылған, ғимарат сейсмикалық күшейтуге алынған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

«Онлайн медицина» пилоттық жобасының нәтижелері: 39 мың қашықтықтан қызмет көрсетілді 15 желтоқсан 2025

«Онлайн медицина» пилоттық жобасының нәтижелері: 39 мың қашықтықтан қызмет көрсетілді

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда «Онлайн медицина» жобасы басталды, ол ең шалғай ауылдық өңірлердің тұрғындары үшін медициналық көмекті жақын әрі қолжетімді етуге бағытталған. Пилоттық жоба еліміздің тоғыз өңірін – Ақмола мен Ақтөбеден Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы облысы мен Астанаға дейін қамтып, 100 медициналық ұйым мен жеті телемедициналық шешім өнім берушілерді біріктірді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен 12 млрд теңгеге Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешені салынды 15 желтоқсан 2025

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен 12 млрд теңгеге Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешені салынды

Мемлекет басшысының 2025 жылғы наурызда Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Көкшетауда Kokshe Arena заманауи көпфункционалды спорт кешенінің ашылуы өтті. Нысан Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен тұрғызылды. Бұл мақсатқа Үкімет 12,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Қорғас» ШЫХО-ға келушілер саны екі есе өсіп, тәулігіне 5 мың адамға жетті 12 желтоқсан 2025

«Қорғас» ШЫХО-ға келушілер саны екі есе өсіп, тәулігіне 5 мың адамға жетті

«Қорғас» АЭА аумағында 32 жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Қазір тағы 32 жоба жүзеге асып жатыр. Олардың ішінде ENVISION жел қондырғылары мен энергия сақтау жүйелері зауыты, MacCoffee кофелік және шайлық сусындар зауыты, «SkyHansa» халықаралық әуежайы сынды ірі жобалар бар. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Жетісу облысында апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп жоқ 12 желтоқсан 2025

Жетісу облысында апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп жоқ

2023-2025 жылдары Жетісуда 1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 13 498 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен – 6 689 пәтер берілді. Үш жыл ішінде жаңадан салынатын немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңартудың деңгейі орта есеппен 55,8%-ды құрап, 276 нысан жаңартылды. Білім беру саласында 19 жаңа нысан салынып, 22-сі күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 38-ге дейін қысқарды. Облыста апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп жоқ. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді.

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады 12 желтоқсан 2025

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады

Жетісу өңірінде туризм саласы ерекше назарда. Облыс құрылған сәттен бастап бұл салаға мемлекеттік бюджеттен 53 млрд теңге бөлінді. 64 жаңа нысан пайдалануға берілді. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын күтіп ұстау үшін екі коммуналдық мекеме ашылды. Жыл сайын өңірге 2 миллионнан астам турист келеді. Олардың келіп-кетуіне және демалуына қолайлы жағдай жасау – басты міндет. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Жетісу облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады 12 желтоқсан 2025

Жетісу облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады

Жетісу облысы жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 5%-ға арттыруды жоспарлап отыр. Соңғы екі жылда өңірде 27 жаңа өндіріс іске қосылып, 7 кәсіпорын кеңейтілді. Барлығы 1 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Жетісу өңірінде республикалық маңызы бар автожолдар толық жөндеуден өтті 12 желтоқсан 2025

Жетісу өңірінде республикалық маңызы бар автожолдар толық жөндеуден өтті

2024 жылы республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал» және «Үшарал-Достық» жолдары толық жаңартылды. «Сарыөзек-Қорғас» бағытындағы жол биыл толық жөндеуден өтті. Нәтижесінде облыстағы республикалық маңызы бар жолдар 100% жөнделді. Облыстық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға жетті. Бұл жайлы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Биыл Жетісу облысының экономикасына 400 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды 12 желтоқсан 2025

Биыл Жетісу облысының экономикасына 400 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды

Жетісу облысы 2023-2024 жылдары жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі бойынша республикада көш бастады, 2024 жылдың қорытындысы бойынша өнім көлемі 2,2 трлн теңгеге жетіп, 14,8%-ға ұлғайды. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 3,2 млн теңгені құрады. Биылдың соңында жалпы өңірлік өнім 2,7 трлн теңге жетпек. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2023-2024 жылдары 894 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке инвестициялардың үлесі 71%-дан асты. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Қызылорда облысында 8 жаңа дәрігерлік амбулатория салынды 11 желтоқсан 2025

Қызылорда облысында 8 жаңа дәрігерлік амбулатория салынды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Қызылорда облысында 8 жаңа дәрігерлік амбулатория салынды. Атап айтқанда, Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының жанындағы Бала би, Досбол би, Қарғалы, Ортақшыл, Алмалы, Тәжібаев, Тартоғай және Бестам елді мекендерінде бұрын жұмыс істеп тұрған дәрігерлік амбулаториялар тозған және апатты деп танылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Ел балабақшалары жанынан 6 мыңға жуық кеңес беру пунктілері жұмыс жасай бастады 11 желтоқсан 2025

Ел балабақшалары жанынан 6 мыңға жуық кеңес беру пунктілері жұмыс жасай бастады

Елімізде балаларды ерте жастан дамыту, сапалы тәрбие мен білім беру мақсатында бірқатар бағдарлама мен жобалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тілді тереңдетіп үйретуге бағытталған «Тілге бойлау» жобасы өткен жылы 5 өңірде –Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО облыстары мен Астана қаласының 135 балабақшада сынақтан өтіп, биылдан бастап жаппай енгізілуде. Бұл жайлы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады: тиісті келісімге қол қойылды 10 желтоқсан 2025

Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады: тиісті келісімге қол қойылды

Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Өскемен арматура зауыты» АҚ («ӨАЗ» АҚ) мен «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ («КҚК-Қ» АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.