Өңір жаңалықтары
Қарағанды ЖЭО-3-те жаңа энергия блогының құрылысы басталды
Қарағанды ЖЭО-3-те жаңа энергия блогының құрылысын бастауға арналған капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Су заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылау мен қадағалау күшейтілді
Биылғы вегетация маусымында Түркістан облысында 441,3 мың га суармалы жерден 3,35 млрд текше метр су алынды. «Қазсушар» РМК филиалы 9 484 шарт жасасты, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Қазіргі уақытта Түркістан облысында негізгі дақылдарды суару жұмыстары аяқталып, суға қажеттілік төмендеді және өнім шығыны тіркелген жоқ. Бұл жайында ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Сонымен қатар ол диқандарды сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған шаралар туралы мәлімет берді.
ҚР Су министрлігі: Жамбыл және Қызылорда облыстарында суару маусымын штаттық режимде өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған
Жамбыл облысында вегетация кезеңі жоспарға сай өтіп жатыр. Аймақтағы ауыл шаруашылығы саласы суаруға айтарлықтай тәуелді. Негізгі дақылдар – жүгері, көпжылдық шөптер, қант қызылшасы, бақша және көкөніс өнімдері. Суару жұмыстары облыстың 10 ауданында жүргізіледі. Алты ауданда ішкі су көздерін пайдаланып, су тапшылығынсыз жұмыс істеп жатыр. Төрт ауданы Қырғыз Республикасынан бастау алатын Шу және Талас трансшекаралық өзендеріне тәуелді. ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жайында есеп берілді.
Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы жүзеге асырыла басталды
Маңғыстау облысының Құрық портында Каспий теңізінде теңіз аквашаруашылығын дамытуға арналған алғашқы тор қоршамалар суға түсірілді. Бұл Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы және Қазақстан теңіз аквашаруашылығын дамытудың жүзеге асырыла бастағанын көрсетеді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қызылорда өңірінде олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық берілді
Қызылорда өңірінде спорт саласын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар қолға алынып жатыр. Мәселен, 2025 жылы дене шынықтыру және спортты дамытуға жергілікті бюджеттен 15,5 млрд теңге бөлінді. Аймақта 1494 спорттық нысан бар. Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаевтың ОКҚ баспасөз конференциясында атап өткендей, осындай объектілерді арттыру арқылы жергілікті бұқаралық спортты дамыту көзделген.
Павлодар облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында алғашқы мектеп ашылды
Павлодар облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы мектептің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға министр Ғани Бейсембаев пен облыс әкімі Асаин Байханов қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Шымкент қаласында жылу желілерін құбыр ішінен роботталған кешен көмегімен диагностикалау пилоттық жобасы сәтті аяқталды
Роботтандырылған құбырішілік диагностика кешені акустикалық резонанс әдісіне негізделген. Ол болат құбырлардың қалған қалыңдығын анықтауға мүмкіндік береді. Кешен мобильді зертхана, құбыр ішілік инспекциялық құрал және мәліметтерді жинау мен сақтау жүйесінен тұрады. Мәліметтерді өңдеуде жасанды интеллект технологияларын қолданып, ақауларды дәлірек анықтап, оператордың жұмысын жылдамдатады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Қарағанды облысында ғылым мен бизнеске арналған хаб құрылады
Қарағанды облысында Қазақстандағы тұңғыш аймақтық инновациялық индустриялық хаб – «Картех» іске қосылмақ. Жаңа орталық ғылым мен өндірісті тоғыстырып, озық технологияларды енгізу және қолданбалы ғылымды дамыту үшін мемлекет, бизнес пен ғылыми қауымдастықтың күшін біріктіреді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Сауран ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында 300 орындық мектеп ашылды
Сауран ауданында Конституция күні қарсаңында 300 орынға арналған «Келешек мектептері» жобасы аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысының әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан облысында 900-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында 909 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстанда жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін крахмал-сірне зауыты іске қосылады
Түркістан облысында «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылды. Өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.