Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
СҚО-да қуаттылығы 370 мың тонна майлы дақылдар шығаратын май экстракциялық зауыты жақын арада пайдалануға беріледі 22 қараша 2024

СҚО-да қуаттылығы 370 мың тонна майлы дақылдар шығаратын май экстракциялық зауыты жақын арада пайдалануға беріледі

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталды. Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделеді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қызылорда облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 1200-ден астам объект бейімделген 22 қараша 2024

Қызылорда облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 1200-ден астам объект бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысында 1 248 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жамбыл облысында үшінші «Жайлы мектеп» ашылды 21 қараша 2024

Жамбыл облысында үшінші «Жайлы мектеп» ашылды

Тараз қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1 200 оқушы орынға арналған мектеп ашылды, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі.

Сыр өңірінде «Руханият жылы» өтуде 20 қараша 2024

Сыр өңірінде «Руханият жылы» өтуде

Биыл Қызылорда өңірінде «Руханият жылы» жарияланды. Мәдениет саласында 1000 орындық көпфункционалды «Өнер орталығы», «Отбасы орталығы» пайдалануға берілді. Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдері көптен күткен игілік «Жыраулар үйі»  жұмысын бастады. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлім етті.

Қызылорда өңірінде сапалы жолдардың үлесі 92%-дан асты 20 қараша 2024

Қызылорда өңірінде сапалы жолдардың үлесі 92%-дан асты

Биыл Қызылорда облысында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 44 млрд 703 млн теңгеге 300 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы жолдардың үлесі 92%-дан асты. Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңғыртылуда. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың биыл 140 шақырымына реконструкциялау аяқталды. Жол 2025 жылы толық пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы саласы мен инфрақұрылымдық жобалар басты назарда 20 қараша 2024

Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы саласы мен инфрақұрылымдық жобалар басты назарда

2022-2023 жылдары Қызылорда өңірінде 66 мыңнан астам азамат жаңа жұмыс орындарымен қамтылды. Оның 25 мыңға жуығы Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру тапсырмасы аясында орындалды. 2024 жылдың 10 айында 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Бұл жоспар жыл аяғына дейін толығымен орындалады. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында хабарлады.

Қызылорда облысының бюджеті 744 млрд теңгеден асты 20 қараша 2024

Қызылорда облысының бюджеті 744 млрд теңгеден асты

Биыл Қызылорда өңірінде экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасты. Осы жылдың 10 айының қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім байқалады. Қызылорда облысы өңірлер арасында көшбасшылар қатарынан көрінді. Өнеркәсіп өндірісі 0,8%, өңдеу өнеркәсібі 22,8%, ауыл шаруашылығы-3%, құрылыс жұмыстарының көлемі-50,2%, тұрғын үй-7,4%, көлік-3,5%, сауда-6,5%-ға өсті. Биылға жоспарланған 517 млрд 500 млн теңге инвестицияның 478 млрд 300 млн теңгесі 10 айда игерілді. Оның 74%-ы – жеке инвестициялар. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің Қызылордада өткен көшпелі брифингінде хабарлады.

Қарағанды облысының ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 15 медициналық нысан салынады 18 қараша 2024

Қарағанды облысының ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 15 медициналық нысан салынады

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Бұқар жырау ауданында жеті ФАП, төрт дәрігерлік амбулатория және төрт медициналық пункт ашылады. Құрылыс жұмыстары басталды. Биыл Самарқанд ауылында дәрігерлік амбулатория мен Тасауыл ауылында медициналық пункт іске қосылады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Президенттің тапсырмасы бойынша Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды 12 қараша 2024

Президенттің тапсырмасы бойынша Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайында жаңа терминалдың ашылуына қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстанда жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа терминал пайдалануға берілді 12 қараша 2024

Қазақстанда жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа терминал пайдалануға берілді

Маңғыстау облысындағы Құрық портында қуаттылығы жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа астық терминалы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда  порт аумағындағы «Kaspi Grain Way» жеке компаниясының астық терминалы Қазақстанның түкпір-түкпірінен астық дақылдарын қабылдауға дайын, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

БҚО-да халықты тұрғын үймен қамту мәселесі ерекше назарда 12 қараша 2024

БҚО-да халықты тұрғын үймен қамту мәселесі ерекше назарда

Батыс Қазақстан өңірінде 49 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 32 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Қалған 17 үйдің құрылысы 2025- жылы жалғасады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылдардағы тұрғын үй қорын жаңартуға ерекше көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылы кезекте тұрған 110 ауыл бойынша әлеуметтік осал топтар үшін 14 млрд теңгеге 758 тұрғын үй сатып алынып, берілуде. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында халықты тұрғын үймен қамту жайында сөз қозғады.

Биыл БҚО-да 27 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты 12 қараша 2024

Биыл БҚО-да 27 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес еңбек нарығындағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 353 000 адам болса, соның ішінде жұмыссыздар саны – 16904 адам. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9%-ды құрап отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында хабарлады.