Өңір жаңалықтары
Атырау облысының Жылыой ауданы бойынша жағдай тұрақталды
БҚО-дағы күрделі жағдай және Иреклі су қоймасынан су жіберудің ұлғаюын ескере отырып, Атырау облысының әкімі 7 – сәуірде өңірдің барлық аумағында ТЖ режимін енгізді. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, өткен тәулікте Махамбет кентіндегі Жайық өзенінің гидропостында өзеннің көтерілуі 45 см, Атырау қаласында көтерілуі 36 см құрады. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев хабарлағандай, жағалауды нығайту жұмыстарын күшейту үшін әкімнің шешімімен жергілікті атқарушы органдар тапсырыс беруші болып табылатын барлық жол-құрылыс жұмысы тоқтатылды, сондай-ақ ірі мұнай компанияларымен келіссөздер жүргізілді.
Қостанай облысында су тасқыны жағдайы тұрақталды
Халықты барынша хабардар ету үшін әр 2 сағат сайын теле-радиоарналардан ақпарат таратылады – БҚО ТЖД
Батыс Қазақстан облысында 1155 тұрғын үй су астында қалды, 732 үйге тұрғындары оралды; 408 үйде адам тұрмайды; 15 үйдің иесі жоқ. Автомобиль жолдарының 65 учаскесінде су толып кетті, 65 жерде жол төсемі шайылды. Мұндай деректерді сағат 00.00-дегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев айтты.
Қарағанды облысында келтірілген залалды есептеу жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады
Медициналық қызметкерлер 70 эвакуациялық пункте қызмет көрсетіп жатыр
Еліміздің медициналық ұйымдары штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Су тасқыны қиын болып отырған Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары секілді алты өңірде жедел медициналық көмек қызметтерінің, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының жұмысы күшейтілді. Бұл туралы ҚР ДСМ ресми өкілі Әйгерім Оразалиева ОКҚ алаңында хабарлады.
Зардап шеккен аймақтардағы балалар сауықтыру орталықтарына жіберіліп жатыр
Оқу-ағарту министрлігі ең көп зардап шеккен аймақтарда тұратын балаларды сауықтыру орталықтарына жіберу жұмыстарын жүргізуде. Соңғы тәуліктерде Алматы қаласындағы ұлттық сауықтыру орталығына Батыс Қазақстан облысынан балалар келді. Одан бөлек, 80 бала Ақмола облысындағы «Жасдәурен» лагеріне орналастырылды. Бұл туралы ҚР Оқу – ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ брифингінде хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысына 525 қызметші мен 100-ге жуық техника жіберілді
Осы сағатта азаматтық қорғау қызметтерімен 88 мыңға жуық адам, оның ішінде 30 мыңға жуық бала құтқарылды және эвакуацияланды. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пунктерінде 7 мыңнан астам адам, оның ішінде 3 700 бала орналастырылған. 4 800 адам өз үйлеріне оралды. 82 315 ауылшаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.
Қазгидромет ел аумағындағы қар жамылғысы және топырақтың қату деңгейі туралы айтып берді
Мекеменің баспасөз хатшысы Алина Исмагулованың мәліметінше, топырақтың қатуы Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде сақталады.
ШҚО-да су тасқыны кезеңінде су басу жағдайлары болған жоқ
Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі жоқ. Дегенмен, облыс таулы аймақта орналасқандықтан, қазіргі таңда жаңбыр жауып тұр. Кей жерлерде су деңгейі көтерілуде. Күзден бастап алдын алу шаралары жоспарланды. ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев ОКҚ брифингінде осылай деді.
БҚО-да бір қала мен 4 ауданда су тасу қаупі бар
Батыс Қазақстан облысында қауіп әлі сейілген жоқ. Орал қаласы және 12 ауданның 8 ауданында жағдай тұрақталды. Бірақ облыс орталығы мен Жайық бойында орналасқан 4 ауданда су қаупі бар. Олар: Ақжайық Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандары. Сол ауданда 90-нан астам елді мекен бар. 80 мыңнан астам халық тұрады. Олардың барлығы Жайықтың бойында орналасқан. Жайық - РФ Челябі облысынан келетін өзен. Олардың көп мөлшерде су тастауы өңірге қауіп туғызады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Ақтөбе облысындағы үш ірі су қоймасының деңгейі қалыпты
Соңғы екі-үш күндікте Қарғалы су қоймасында жауын-шашынның әсерінен судың деңгейі көтерілген болатын. Кеше жергілікті атқарушы органдар Қарғалы қоймасын толық аралап шықты. Судың деңгейінің түсуі байқалады. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Алматы облысында су тасқыны жағдайы тұрақты
Жергілікті елді мекендер мен жолдарды, басқа да нысандарды су басу жағдайы орын алған жоқ. Өзен арналары бойынша су ағыны тұрақты. Ірі су қоймаларын толтыру штаттық режимде жүргізілуде, бүгінгі күні толтырылу көрсеткіштері 44%-дан 99%-ға дейін жетіп отыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.