Өңір жаңалықтары
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамытуды шағын және орта бизнес алға жылжытуда – СҚО әкімі
Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облыстарында кәсіпкерлер саны 2,7 мыңға артты, 5 жыл ішінде ШОБ өнімдерін шығару 2 есеге өсті, 374 млрд теңгеден 776 млрд теңгеге дейін, бюджеттің кіріс бөлігінде ШОБ-тан түскен салықтар үлесі 49-дан 61% дейін ұлғайды. Бұл туралы өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Өз өндірісің - үнем. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында құрылыс материалдарын шығару жолға қойылуда
Индустриялық экономиканы трансформациялау. Бұл өнеркәсіпті дамытудың және перспективалы инвестициялық жобаларды іске асырудың арқасында мүмкін болды. Мысалы, ламинатталған фанера комбинаты мен жұмсақ контейнерлер шығаратын фабрика есебінен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
Солтүстік Қазақстан облысында 15 мектеп пен 47 медициналық нысан салынады
Білім беру саласында да оң өзгерістер көп. Биыл 4 млрд теңгеге 52 білім мекемесі күрделі жөндеуден өтті. Мектептерді жаңарту жұмысы үшінші жыл қатарынан жүргізіліп келеді. Осылайша өңірдегі барлық мектептердің 64% жаңартылды. Балалар мен мұғалімдерге барынша жағдай жасалды. 84 мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
СҚО агроөнеркәсіп кешені саласында 48 млрд теңгенің 34 жобасы жүзеге асуда
Ауыл шаруашылығы Солтүстік Қазақстан облысының дамуының қозғаушы күші. Биыл бұл салаға құйылатын инвестиция 140 млрд теңгеге жетеді. Қазақстанның ауыл шаруашылығына салынған инвестицияның төрттен бірі солтүстік өңірге тиесілі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
Экономиканың негізгі салалары бойынша өсім бар – СҚО әкімі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің дамуы туралы баяндады. Негізгі салалар бойынша өсім бар.
Шымкентте пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін 1 миллион шаршы метрге жеткізу жоспарланған
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1,6 млн ш м құрайтын 14 551 пәтерлі 275 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Жоспар бойынша биыл 6 503 пәтерлі 114 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Осының есебінен қалада жалпы пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін 1 миллион шаршы метрге жеткізу көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала басшысы Мұрат Әйтенов хабарлады.
Президенттің тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрінің бағасына мониторинг жүргізіледі – А. Мұхамбетов
Қостанай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуін төмендету үшін қандай шаралар қабылданып жатыр? Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, мүмкін шаралардың барлығы. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистердің сұрақтарына берген жауабында мәлімдеді.
Қостанай облысында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 78% құрайды
Қостанай облысы жолдарының жалпы ұзындығы бойынша ең ірі облыстардың бірі. Десек те, тұрғындардың көбі жолдың сапасына шағымдануда. Өңірдегі жол жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр? Келесі жылға жоспар қандай? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Архимед Мұхамбетов осы сұрақтарға жауап берді.
Медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету едәуір жақсарды – А.Мұхамбетов
Биыл Қостанай облысында медицина саласына 17,2% өсіммен 86,4 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 35 денсаулық сақтау нысаны жөнделді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік саладағы мәселелерге тоқталған өңір әкімі Архимед Мұхамбетов хабарлады. Соңғы жылдары медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету едәуір жақсарды. Тек соңғы 2 жылдың ішінде 111 бірлік санитарлық автокөлік, 4 Қостанай емханасының мобильді бригадаларына арналған 4 жеңіл автокөлік, жедел жәрдем қызметі үшін отандық өндірістің 50 реанимобилі сатып алынды.
Облыста автоматтандырылған газ тарату станциясы ірі жобасы жүзеге асырылуда
Биыл Қостанай облысында 8 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне, 11 ауыл суды тазарту және тарату пункттеріне қосылады, 16 ауылды сумен жабдықтау жақсартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.
Биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға шамамен 80 млрд теңге бөлінді – Қостанай облысының басшысы
Ауыл шаруашылығы өңір экономикасының екінші базалық бағыты болып табылады. 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жалпы шығарылым 553,3 млрд теңгені құрады, ЖӨӨ көлемі – 86%. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. 2021 жылы астықтың жалпы түсімі 2,9 млн тоннаны құрады, орташа өнімділігі 7,2 ц/га.
Қостанай облысына 306,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсім – 11%
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңір экономикасында негізгі капиталға тартылған инвестицияларға тоқталды. Есепті кезеңде облыс экономикасына 11% өсіммен 306,2 млрд теңге салынды. Биыл осы қарқынды сақтап қана қоймай, ұлғайту да жоспарда бар. Сондықтан инвестициялық жобаларды, соның ішінде Ресей Федерациясымен өнеркәсіптік кооперацияны нығайту шеңберінде іске асыру жалғасады.