Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Келесі жылы «Жезқазған-Петропавл» тас жолын жөндеу жоспарда бар 23 желтоқсан 2024

Келесі жылы «Жезқазған-Петропавл» тас жолын жөндеу жоспарда бар

Жолдауда Президент жолдардың сапасына ерекше назар аударды. Қостанай облысында осы жылы жергілікті автожолдарды жөндеуге 36,6 млрд теңге бөлінді. Өңір әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, бұл республика бойынша жергілікті бюджеттерден бөлінген ең ірі сома. Өңірде жалпы пайдаланымдағы 1 350 шақырым автожол және 108 елді мекенде 371 көше жөнделді.

Биыл Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 175 млрд теңге бөлінді 23 желтоқсан 2024

Биыл Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 175 млрд теңге бөлінді

Ауыл шаруашылығы Қостанай өңірі экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында ел Президентінің «Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы тиіс» деген сөздері саланы әртараптандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде негізге алынды. АӨК-ті жан-жақты мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 700 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылы біздің өңірге рекордтық 175 млрд теңге бағытталды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 65%-ға артық. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ көшпелі баспасөз мәслихатында хабарлады.

ЖЭК тиімділігі: Қостанай облысында электр энергиясын өндіру 10 есеге артады 23 желтоқсан 2024

ЖЭК тиімділігі: Қостанай облысында электр энергиясын өндіру 10 есеге артады

Қостанай облысының халқы өңірде өндірілетін электр энергиясынан 4 есе көп электр энергия тұтынады. Сондықтан энергияға тәуелділікті азайту қажет. Мәселен, облыста 2 жел электр станциясы бар. Электр энергетикасы жүйесін қайта құру мақсатында жаңартылатын энергия көздерін ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов айтып берді.

Қостанай облысындағы жаңа зауыттар өңірдің елдегі автомобиль жасау орталығына айналуына мүмкіндік береді – Құмар Ақсақалов 23 желтоқсан 2024

Қостанай облысындағы жаңа зауыттар өңірдің елдегі автомобиль жасау орталығына айналуына мүмкіндік береді – Құмар Ақсақалов

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы көлемі 19,4%-ға, құрылыс – 14,1%-ға, жеке инвестициялар – 10,7%-ға, сауда – 9,9%-ға, көлік – 5,3%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 4,1%-ға өсті. Орташа жалақы 13,3%-ға өсіп, 329 131 теңгені құрады. Ал 2 жыл ішінде ол 1,4 есе өсті. 17 мың жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздық 4,6%-ға дейін төмендеді. ОКҚ алаңында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов атап өткендей, кедейлік шегінен төмен тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санын 3964-тен 2356-ға дейін азайтуға қол жеткізілді. Нәтижесінде, АӘК алатын отбасылар санының төмендеу қарқыны бойынша облыс ҚР бойынша екінші орында.

Астанада автокөлік жүргізушілері мен қоғамдық көлік пайдаланушылардың ыңғайы үшін кешенді шаралар қабылдануда 20 желтоқсан 2024

Астанада автокөлік жүргізушілері мен қоғамдық көлік пайдаланушылардың ыңғайы үшін кешенді шаралар қабылдануда

Президент тапсырмасы бойынша елордада Кешенді көлік жүйесін дамыту стратегиясы әзірленіп, бекітілді. Бағдарламаның міндеттерінің бірі – қоғамдық көлікті пайдаланудың үлесін 71%-ға дейін арттыру. Бұл қарбалас уақытта қозғалыс жылдамдығын ұлғайту, жайлылықты арттыру және қолжетімділікті жақсарту арқылы жүзеге асырылады. Биыл 50 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жайлы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында айтты.

Елордадағы жеке меншік үйлердің тең жартысы газбен қамтылған 20 желтоқсан 2024

Елордадағы жеке меншік үйлердің тең жартысы газбен қамтылған

Астанадағы ЖЭО-3-тің бірінші кезегі мен «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларын іске қосу арқылы жылу қуаты 30%-ға артты. Бұл қаланың қазіргі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәселен, сыртқы ауа температурасы орташа минус 10-15°C болған жағдайда, жылу генерациясының профициті сағатына 1200 Гигакалорийді құрайды. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Биыл Астана қаласының табысы 1 трлн теңгеден асты 20 желтоқсан 2024

Биыл Астана қаласының табысы 1 трлн теңгеден асты

Елорданың жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 7%-ды құрады, бұл – 5,4 трлн теңге. Ағымдағы жылы жалпы өңірлік өнім құрылымында өндіріс секторының үлесі 13,9%-дан 15,7%-ға дейін өсуі байқалады. Бұл өнеркәсіп және құрылыс салаларының белсенді дамуының арқасында болып отыр. Негізгі драйвер шағын және орта бизнес болып табылады, ол елорда экономикасының 72%-ын құрайды – бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында хабарлады.

Әлеуметтік және көлік нысандары, қонақ үй кешендері – Маңғыстау облысының әкімі өңірді дамыту жоспарын таныстырды 20 желтоқсан 2024

Әлеуметтік және көлік нысандары, қонақ үй кешендері – Маңғыстау облысының әкімі өңірді дамыту жоспарын таныстырды

2027 жылға дейін Маңғыстау облысында туристік кластерді дамытуға бағытталған 167 млрд теңгенің 14 ірі жобасы іске асыру жоспарланды. Бозжыра мен Айрақтыда әрқайсысы 150 орындық қонақүй кешені бой көтеріп, Каспий жағалауында 500 адамға дейін демалатын сауықтыру кешені мен балалар сауықтыру лагерлерін салу да көзделген. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Білім саласындағы үздік тәжірибелер алаңы: Маңғыстау облысында «Отпан» жобасы жүзеге асырылуда 20 желтоқсан 2024

Білім саласындағы үздік тәжірибелер алаңы: Маңғыстау облысында «Отпан» жобасы жүзеге асырылуда

Маңғыстау облысында әлеуметтік саланы дамыту басты назарда. 2024 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 211 млрд теңге қарастырылды, ол облыс бюджетінің 43%-н құрайды. Соңғы 3 жылда өңірде оқушылар саны 17 мыңға артып, мектеп қажеттілігі пайда болды. Бұл мәселені шешу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Ақтауда тозған инженерлік желілер қалпына келтіріліп жатыр 20 желтоқсан 2024

Ақтауда тозған инженерлік желілер қалпына келтіріліп жатыр

Маңғыстау өңіріндегі маңызды мәселелерінің бірі – инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Ақтау қаласындағы инженерлік желілердің 82% тозған. Бұл мәселені шешу үшін биыл қаланың 25 шағын ауданында ұзындығы 919 шақырымды құрайтын инженерлік желілерге жаңғырту жұмыстары басталды. Жоспарға сәйкес жөндеудің 1-ші кезеңінде 2026 жылға дейін жалпы құны 20 млрд теңгені құрайтын 19 жоба іске асырылады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Маңғыстауда кәсіби балық аулау жаңғыртылмақ 20 желтоқсан 2024

Маңғыстауда кәсіби балық аулау жаңғыртылмақ

Ауыл шаруашылығы – Маңғыстау өңірінде қарқын алып келе жатқан салалардың бірі. Биыл 34,5 млрд теңгеге жуық өнімі өндірілді. Мал шаруашылығында өнім шығару көлемі 31%-ға көбейді. Балық шаруашылығын дамыту – өңірдің әлеуетті даму бағыттарының бірі. Облыста кәсіби балық аулау шаруашылығын дамыту мәселесі қолға алдынды. Бұл жайлы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында хабарлады.

Биыл Жетісу өңірінде тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд теңге бөлінді 19 желтоқсан 2024

Биыл Жетісу өңірінде тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд теңге бөлінді

Жетісуда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды. Апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылады. 2023 жылы облыста 348 пәтер апатты деп танылып, 1,3 млрд теңгеге 137 пәтер сатып алынды, биыл 2,4 млрд теңгеге 155 жаңа пәтер алынды.  Жетісу өңірінің әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ брифингінде барлығы тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.