Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Келесі туристік маусымға дейін Балқаш көліне апаратын жол толық жөндеуден өткізіледі 19 желтоқсан 2024

Келесі туристік маусымға дейін Балқаш көліне апаратын жол толық жөндеуден өткізіледі

Облыста туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туристер санының өсуіне ықпал етті. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңындағы есеп беру брифингінде атап өткендей, биыл өңірге 2 млн-нан астам турист келді. Алакөл жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту қолға алынды. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды.

Инвестициялар тарту, жүк ағыны мен транзитті ұлғайту, өткізу пунктерін жаңғырту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде – Жетісу облысының әкімі 19 желтоқсан 2024

Инвестициялар тарту, жүк ағыны мен транзитті ұлғайту, өткізу пунктерін жаңғырту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде – Жетісу облысының әкімі

Жетісу облысының 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфелінде 2,6 трлн теңгеге 189 жоба бар, барлығы 11 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде121 жоба іске асыру сатысында. Бұл туралы ОКҚ алаңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді.

Биыл Жетісу өңірінде негізгі индикаторлар бойынша жоспар орындалды 19 желтоқсан 2024

Биыл Жетісу өңірінде негізгі индикаторлар бойынша жоспар орындалды

Осы жылы Жетісу облысының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 112,3%-ды құрады. Салалардың ішінде, ауыл шаруашылығындағы өсім – 3,7%, өнеркәсіпте – 3,6%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 4,4%-ды құрады, құрылыс жұмыстары – 1,4 есеге, сауда көлемі 1,3 есеге ұлғайды. Жыл басынан бері облыс экономикасына 38% өсіммен 396 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 291 млрд теңге. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында хабарлады.

Алматыда «Фетальді хирургия» пилоттық жобасы енгізілді: мамандар жылына 150-ге дейін жатырішілік операция жасауға қауқарлы 18 желтоқсан 2024

Алматыда «Фетальді хирургия» пилоттық жобасы енгізілді: мамандар жылына 150-ге дейін жатырішілік операция жасауға қауқарлы

Алматы әкімдігі білім беру инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2024 жылы 11,7 мың оқушы орнына 18 жаңа білім беру нысаны салынды. Қабылданған шаралар келесі оқу жылына орын тапшылығын «басқаруға болатын» деңгейге дейін – 3-4 мың орынға дейін төмендетеді (ағымдағы тапшылық – 29 783 орын). Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында әкім Ерболат Досаев мәлімдеді.

Алматы қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілуде 18 желтоқсан 2024

Алматы қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

2024 жылы кешенді қауіпсіздік жүйесі барлық мемлекеттік балабақшалар, мектептерде, сондай-ақ 64 медициналық мекемелерде іске қосылды. Маңызды міндет – сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру. Шамамен 11 мың нысанда сейсмоаудит жүргізілді. Жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін 2025-2026 жылдары қосымша 70 сейсмостанция орнатылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Алматы тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін ірі жобалар іске асырылып жатыр 18 желтоқсан 2024

Алматы тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін ірі жобалар іске асырылып жатыр

Қала әкімдігі әзірлеген Алматыда 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын 2024 жылғы 29 қарашада Мәслихат бекітті. Бағдарламаның негізгі ережелері кварталдық салу болып табылады. Бұл ретте, ескірген тұрғын үй иелеріне «бөлмеге бөлме» нормасы бойынша айырбастау, немесе нарықтық құны бойынша компенсация алу мүмкіндігі беріледі. Бүгінгі таңда қалада 1366 ескі үй бар. Реновация аясында олардың жартысын  2030 жылға дейін жаңарту көзделген. Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде айтты.   Реновация сейсмикалық қауіпсіздікті күшейте отырып, тұрғын үй қорын жаңартуға мүмкіндік береді.

Алматы «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көшелерді абаттандырудың кешенді тәсілін қолданатын Қазақстандағы алғашқы қала болмақ 18 желтоқсан 2024

Алматы «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көшелерді абаттандырудың кешенді тәсілін қолданатын Қазақстандағы алғашқы қала болмақ

Абаттандыру және көгалдандыру – бұл жайлы қалалық ортаны құрудың және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудың негізгі компоненттері. Әлемнің дамыған мегаполистерінің озық тәжірибесі «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша барлық инфрақұрылымдық қабатты жаңғыртумен көшелерді абаттандыруға кешенді көзқарас жайлы және заманауи қалалық ортаны құру үшін ең оңтайлы шешім болып табылатынын көрсетеді.

Е. Досаев: Алматы қаласының бюджеті өзінің әлеуметтік бағытын сақтайды 18 желтоқсан 2024

Е. Досаев: Алматы қаласының бюджеті өзінің әлеуметтік бағытын сақтайды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес биыл жаңа инвестициялық цикл іске қосылды. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында бүгінде Алматы – шикізаттық емес секторға инвестициялар жөніндегі елдің басты хабы. Ағымдағы жылдың 11 айында Алматыда негізгі капиталға 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Жұмыспен қамтылған алматылықтардың 85%-ы шағын және орта бизнес саласында істейді 18 желтоқсан 2024

Жұмыспен қамтылған алматылықтардың 85%-ы шағын және орта бизнес саласында істейді

ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Гвинея-Бисау Президенті Астанаға ресми сапармен келеді 17 желтоқсан 2024

Гвинея-Бисау Президенті Астанаға ресми сапармен келеді

18 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді.

Келер жылы Ақтөбе өңіріндегі 11 ауыл ауыз сумен қамтамасыз етіледі 13 желтоқсан 2024

Келер жылы Ақтөбе өңіріндегі 11 ауыл ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында 2025 жылдағы өңір алдындағы негізгі жоспарлар жайында баяндады. Оның хабарлауынша, келер жылы өңірдің экономикалық өсімін кемінде 103% деңгейінде қалыптастыру күтілуде. Бұл ретте, өнеркәсіп бойынша 2 трлн теңгеге өнім өндірілмек. Сондай-ақ облысқа 1 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады.

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе өңірінің тұрғындары баспанамен қамтылды 13 желтоқсан 2024

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе өңірінің тұрғындары баспанамен қамтылды

Ақтөбе – көктемде су тасқыны болған өңірлердің бірі. Бұл ретте, Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны салдарынан 4 мыңға жуық үй зардап шекті. Техникалық тексеру қорытындылары бойынша 1 013 үй апатты деп танылды. Аталған мәселені шешу мақсатында ірі бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен жалпы сомасы 25 млрд теңгеге 500 үй салынып, 513 дайын үй сатып алынды. Сондай-ақ 3 мың тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 9,8 млрд теңгеге өтемақы берілді. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында хабарлады.