Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Шығыс Қазақстан облысы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуден рекордтық көрсеткішке қол жеткізді 9 желтоқсан 2024

Шығыс Қазақстан облысы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуден рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Мәселен, биыл республикалық маңызы бар 392 шақырым автожол жөнделе бастады, оның 110 шақырымы аяқталды. ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында өңір басшысы Ермек Көшербаев атап өткендей, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қаржыландыру 7 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін 2 есеге ұлғайтылды. Ал елді мекендердің көшелері мен жол құрылыстарын жөндеуді ескере отырып, 31,5 млрд теңге салынды. Нәтижесінде 600 шақырым жол жөнделді. Бұрын ешқашан тас жол болмаған 79 шағын ауылдың ішінен биыл 9 ауылда асфальт төселді, төрт ауылда орталық көшелер жарықтандырылды.

ШҚО-да балалардың 99,3%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған 9 желтоқсан 2024

ШҚО-да балалардың 99,3%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған

ШҚО-да 2-3 жастағы 1912 бала балабақшаға кезекте тұр. Бұл мәселені шешу үшін 1948 орын ашылды, жыл соңына дейін тағы 25 орын ашылады. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардағы 5233 бала балабақшаға тегін барады. Орта білім беру жүйесінде апатты немесе үш ауысымды мектептер жоқ. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 мың орындық 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның төртеуі биыл іске қосылуға дайын, қалған 3 мектеп келесі жылы ашылады. Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында айтты.

ШҚО-да туризм шағын және орта бизнесті дамытудың драйверіне айналмақ 9 желтоқсан 2024

ШҚО-да туризм шағын және орта бизнесті дамытудың драйверіне айналмақ

Шығыс Қазақстан облысында жыл бойы жұмыс істейтін туризм дамытылмақ. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында хабарлады. Облыста бірқатар бірегей жоба жүзеге асырылуда, соның ішінде, «Шығыс Салбұрыны» құсбегілер мен бүркітшілер фестивалі бар. Медициналық және санаториялық-курорттық туризмді дамыту жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы саласы – Шығыс Қазақстан облысы экономикасының күретамыры 9 желтоқсан 2024

Ауыл шаруашылығы саласы – Шығыс Қазақстан облысы экономикасының күретамыры

Бұл саланы дамыту – басты міндеттердің бірі. Биыл дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі  25%-ға өсіп, экспорт ұлғайды. Өңделген өнімдердің экспорты бір жылда 37%-дан 65%-ға дейін өсті. Күнбағыс майын өндіруден – Шығыс Қазақстан 1-орында. Облыстың экспорттық потенциалын көтеру үшін биыл халықаралық шаралар шеңберінде экспортқа өсімдік майын тасымалдауға бірнеше ірі келісімшарт бекітілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Шығыс Қазақстан облысында 10 инвестициялық жобаны іске асыру аясында 500-ге жуық жұмыс орны құрылды 9 желтоқсан 2024

Шығыс Қазақстан облысында 10 инвестициялық жобаны іске асыру аясында 500-ге жуық жұмыс орны құрылды

Шығыс Қазақстан облысы экономикасының өсуі 6,5%-ды құрады, өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1%-ға өсіп, 2,1 трлн теңгеге жетті. Бұл нәтижелер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында тұрғындар үшін неғұрлым қолайлы және дамыған орта құру және инвесторлар мен туристер үшін өңірдің тартымдылығын арттыру үшін алға қойылған ұлттық даму мақсаттары мен стратегиялық бастамаларына сәйкес келеді. Бұл туралы ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында өңір әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді.

СҚО-ның 66 ауылында жыл соңына дейін ауыз суға арналған кешенді блок-модульдер орнату жоспарда бар 4 желтоқсан 2024

СҚО-ның 66 ауылында жыл соңына дейін ауыз суға арналған кешенді блок-модульдер орнату жоспарда бар

Халықты сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету Солтүстік Қазақстан облысында басымдық берілген бағыттардың бірі болып табылады. Ең көп тұрғын үй Петропавлда салынып жатыр. Облыс орталығында 32 көппәтерлі үй салынуда. Оның 20-сы жеке құрылыс компанияларының есебінен салынып жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстанда білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет секторларында ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр 4 желтоқсан 2024

Солтүстік Қазақстанда білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет секторларында ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы бюджетінің үштен бір бөлігі білім беру саласына бағытталған. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 6,4 млрд теңге бөлінді. 51 пәндік кабинет пен мектептерге 42 автобус сатып алынды. 53 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. Соңғы үш жылда облыста 3 жаңа мектеп іске қосылды. Апатты жағдайдағы мектептер мәселесі биыл жабылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында хабарлады.

Өнеркәсіптік белдеу және мыңдаған жұмыс орны. «Қызылжар» АЭА аумағында ағаш өңдеу кластері құрылуда 4 желтоқсан 2024

Өнеркәсіптік белдеу және мыңдаған жұмыс орны. «Қызылжар» АЭА аумағында ағаш өңдеу кластері құрылуда

Өнеркәсіп кешені Солтүстік Қазақстан облысының ажырамас бөлігі болып табылады. Өнеркәсіптің 80% - дан астам үлесін құрайтын өңдеу өнеркәсібіне ерекше назар аударылады.  ОКҚ алаңында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов атап өткендей, өнеркәсіп саласында 511 млрд теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл 5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Астық егетін өңірлер арасында ең жоғары өнімділік: Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары 18,6 ц/га жинады 4 желтоқсан 2024

Астық егетін өңірлер арасында ең жоғары өнімділік: Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары 18,6 ц/га жинады

Су тасқыны және одан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысының экономикасына кері әсерін тигізді. Алайда негізгі салалар бойынша оң өсім байқалады. 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында 130,2%-ға, өнеркәсіпте – 100,1%-ға, құрылыста – 127,3%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үй бойынша – 122,9%-ға, инвестицияларда – 109,4%-ға өсу байқалды. Бұл деректерді ОКҚ алаңында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов айтты.

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін 1 394 пәтер сатып алынды 4 желтоқсан 2024

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін 1 394 пәтер сатып алынды

2024 жылдың көктемінде су тасқыны кезінде өңірдің инфрақұрылымы зардап шекті, 4 мыңға жуық үй су астында қалды. Олардың жартысы – Петропавлда. ОКҚ алаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жерлестеріне қиын кезеңде бірігіп, қатерге қарсы тұра алғаны үшін алғыс айтты.

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару: Шымкенттегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады 4 желтоқсан 2024

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару: Шымкенттегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады

Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Атырау облысында көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккендер тұрғын үймен қамтылды 3 желтоқсан 2024

Атырау облысында көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккендер тұрғын үймен қамтылды

Атырау облысы – биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің бірі. Жайық өзені деңгейінен көтеріліп, елді мекендерге су басу қаупі төнді. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қолдауымен, тұрғындар, кәсіпорындар мен бизнес өкілдерінің көмегінің арқасында үлкен жұмыс атқарылды. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ брифингінде осылай деді.