Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

09.12.2025

Жарияланымдар · 20

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық барлық бағытта дамып, саяси диалог бұрын-соңды болмаған қарқынды сипат алғанын атап өтті.

16:30Мемлекет басшысының қызметі

Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрі Мәди Такиев, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:07Президенттің тапсырмалары

Балық шаруашылығын дамыту туралы

АҢДАТПА!

15:59Баспасөз хабарламалары

Қазақстанда авторлық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

Қазақстанда авторлық құқықты бұзғаны үшін азаматтық және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 198-бабына сәйкес, 80-нен 160 АЕК-ке дейін айыппұл салу, 80-нен 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова хабарлады.

15:00Жаңалықтар

Шығармалардың теле және радиоэфирде орындалғаны үшін авторларға автоматты түрде сыйақы есептеледі

Қазақстанда авторлық құқықтарды ұжымдық басқару саласы цифрландырылады. Авторлық қоғамдардың жұмысының ашықтығын, сондай-ақ жиналған сыйақыны әділ бөлу мен төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформа құру жоспарланып отыр. Сол арқылы авторлық авторлық сыйақының жолы – туындыны пайдаланудан бастап авторға төлем жасалғанға дейінгі бүкіл процесс – толықтай бақыланады және түсінікті болады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова хабарлады.

14:50Жаңалықтар

Зияткерлік меншікті қорғау: тауар белгісін жедел тіркеу енгізіледі

ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова елімізде қабылданған «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңдағы өзгерістер мен жаңашылдықтар бойынша түсініктеме берді.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспар таныстырылды.

13:40Жаңалықтар

Бақыт Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды

13:35Жаңалықтар

Президент жаңа елшілерді тағайындады

13:29Жаңалықтар

Түркістан облысында кедейлік деңгейі төмендеп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есе азайды

Республика бойынша көпбалалы отбасылардың төрттен бірі Түркістан облысында тұрады. Сондықтан әлеуметтік көмекке жүгінушілер саны өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары. Дегенмен, жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарды. Өңір әкімі Нұралхан Көшеровтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім еткендей, аймақтағы кедейлік деңгейі 4,4%-ға төмендеді.

12:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Түркістанда Оңтүстік Кореядан келген 70 студент ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатыр

Білім мен адами капиталды дамыту – экономикалық өсудің негізгі тірегі. Түркістан аймағында бұл бағыт бойынша нақты шаралар қабылданып жатыр. Білім беру жүйесінде мектеп тапшылығын шешу мақсатында өңірде «Келешек мектептері» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 23 мың орындық 29 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 28 мектеп пайдалануға берілді. Қалған 1 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Жергілікті бюджеттен 17 мектеп салынуда. Биыл 4 мектеп пайдалануға беріледі, қалғаны келесі жылға өтпелі. Бұл туралы өңір әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

12:30Жаңалықтар

Түркістан өңірі жаңа инвестициялық жобалардың арқасында мемлекет бюджетіне 100 млрд теңге салық түсірмек

Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Бұл – сыртқы экономикалық байланысты дамытудың нәтижесі. Әрбір инвестор үшін арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарда дайын алаңшалар жоспарланған. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

12:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Түркістан облысында 114 мың га аумаққа су үнемдеу технологиясы енгізілді

Еліміздегі суармалы жерлердің төрттен бірі Түркістан облысына тиесілі. Олардың жалпы алаңы 554 мың гектарды құрайды. Су үнемдеу технологиясы ағын суды 2 есе үнемдеумен қатар, өнімділікті 3 есе арттыруға мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін су үнемдеу технологиясы 55 мың гектарға енгізілмек. Биылдың өзінде қосымша 59 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізіліп, жалпы көлемі 114 мың гектарға жетті. Бұл туралы өңір әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

12:10Жаңалықтар

Түркістан өңірі өткен 10 айда құны 1 трлн теңгеден асатын ауыл шаруашылығы өнімін өсірді

Түркістан облысы – ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір. Заманауи технологияны қолдану арқылы салада терең қайта өндеуді дамыту – басты мақсат. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында салада атқарылып жатқан жұмыс жайында баяндады.

12:00Жаңалықтар

Биыл Түркістан облысының өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады

Отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында Түркістан облысының барлық аймағында «Шағын өндірістік парк» жобасы іске асырылуда. Облыс бойынша жалпы 21 шағын өндірістік алаң құрылды. Аумағы – 238 га. Жоба аясында 248 ғимарат салып, 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңға 40 ғимарат салынып, 32 жоба қосылды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Парк аумағында жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын өндірістер ашылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Түркістан облысының индустриялық аймақтарында құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асып жатыр

Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 20 индустриялық және «Turan» арнайы экономикалық аймақтары құрылған. Өндірісті дамыту мақсатында өңірге сырттан келетін тауарларға талдау жүргізілді. Жалпы импорт көлемі 98 млрд теңгені құрайды. Бұл тауарларды облыста шығаруға барлық мүмкіндік бар. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.

11:40Жаңалықтар

2026 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық: Олжас Бектенов әкімдерге суды көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқарту арқылы егіс құрылымын әртараптандыруды тапсырды

Үкімет отырысында алдағы вегетациялық кезеңде еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Олжас Бектенов су тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін кешенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:58Жаңалықтар

553 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды

2025 жылдың басынан бері 553,7 мың азамат, оның ішінде 53,5 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 1 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның 710,3 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 960 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:24Жаңалықтар

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қорытынды кезеңі басталды

2025 жылдың 9-13 желтоқсан күндері Астана қаласында ауыл мектептерінің 10-11(12) сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы төртінші, қорытынды кезеңі өтеді. Қорытынды кезеңде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша екі тур ұйымдастырылады. Биылғы сайысқа еліміздің барлық өңірінен 432 оқушы жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:21Жаңалықтар

Алғашқы хабарлама әсері: алғашқы әсер қалай қалыптасады және манипуляторлар оны не үшін пайдаланады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының кезекті шығарылымында ақпараттық әсердің негізгі тетіктерінің бірі – бірінші хабарлама әсері – талданды. Алғаш естілген мәлімдеме, тіпті кейін ол хабарлама теріске шығарылса да, адамның санасында неге қалып қояды?

09:00Жаңалықтар