Күн жаңалықтары
18.03.2026
Жарияланымдар · 21
Президент Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы жарлыққа қол қойды
Президент Аустриямен реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялады
Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады
Президентке компания қызметінің былтырғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Қазақстанда наурыз және сәуір айларында ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК наурыз және сәуір айларына арналған синоптикалық болжам жариялады. Бұл туралы толығырақ ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде бас директордың бірінші орынбасары Әсет Қалиев айтты.
«Қазгидромет» су тасқыны қарсаңында топырақ пен қардың күйін бағалады
«Қазгидромет» РМК мамандары еліміздегі қазіргі гидрологиялық жағдай туралы баяндама жасады. Бас директордың бірінші орынбасары Әсет Қалиев ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде сөз сөйледі.
Барлық қызметтер су тасқынына байланысты жоғары дайындық режимінде – ҚР ТЖМ
Tasqyn және Talsin-NG ақпараттық жүйелері өзендердегі су деңгейінің орташа көтерілуі салдарынан 30 елді мекен үшін ықтимал қауіп бар екенін модельдеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков мәлімдеді.
Су тасқынының алдын алу мақсатында елде 582 су өткізгіш құбыр орнатылды
Автомобиль жолдарын су тасқынына дайындау аясында жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Соңғы жылдары республикалық маңызы бар жолдарда жүргізілген кешенді шаралардың нәтижесінде су тасқыны қаупі бар учаскелер саны 396-дан 229-ға дейін қысқарды. Бұл көрсеткішке реконструкция, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстелде хабарлады.
Биыл құны 900 млн теңгені құрайтын 8 су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалар әзірленбек
Су саласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру және құрылыстарды су тасқыны кезеңіне дайындау шеңберінде Ілек өзеніндегі көлемі 245 млн текше метр болатын Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау аяқталды. Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасын және Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасын реконструкциялау аяқталды. Су қоймаларын реконструкциялау бойынша 5 жоба әзірленді. 7 облыста орналасқан 13 су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалар әзірлеу жалғасады. Ағымдағы жылы құны 900 млн теңге болатын 8 су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалар әзірлеу жоспарланған. ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деді.
Еліміздегі су қоймаларының бос сыйымдылығы шамамен 15 млрд текше метрді құрап отыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жоспарлы әрі жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр. Негізгі назар су тасқынының ықтимал теріс салдарын барынша азайтуға, су ресурстарын басқаруды жетілдіруге және тәуекел аймақтарында төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін шараларды әзірлеуге аударылады. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде хабарлады.
2026 жылғы су тасқынына дайындық: елімізде жүйелі бақылау орнатылып, шаралар күшейтілді
ҚР ТЖМ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елімізде су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Инженерлік жұмыстардың өңірлік жоспарлары аясында су тасқынына қарсы 821 іс-шараның 760-ы іске асырылды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларымен және даму жоспарларымен 258 іс-шараның 201-і іске асырылды. Өңірлерде 831 шақырым қорғаныш бөгендері мен біліктері тұрғызылды, 1 128 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделді және салынды, автомобиль және теміржол қатынастарында 934 су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті
Израиль Президенті Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады.
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады
Президент сауда саласының қазіргі жай-күйі мен алдағы даму бағыттары туралы есепті тыңдады.
Келешек мектептері: оқушылар үшін қолайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасы
АҢДАТПА!
Қазақстанның жаңа Конституциясы жарияланды
«Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтіні жарияланды.
2026 жылы мүгедектікті белгілеуге қатысты 21 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама шеңберінде мүгедектікті белгілеуге қатысты 21,6 мың өтінім сырттай форматта қаралды, бұл ел бойынша куәландырудан өткен адамдардың жалпы санының 45,1%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі
Жаңа Конституцияның нормаларын жүзеге асыру шеңберінде Астана мен Алатау қаласы үшін ерекше құқықтық режимді айқындайтын заң жобалары әзірленді. Заң жобалары Алатау үшін «қарқынды даму қаласының» режимін енгізеді және қалалық ортаның сапасын арттыру үшін Астана мәртебесін нақтылайды, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Әлеуметтік саясат адами капиталды дамытуға бағытталған
Конституциялық реформаны жүзеге асыру шеңберінде елде әлеуметтік мемлекеттің жаңа моделі енгізілуде, онда кепілдіктер жүйесі ғана емес, азаматтардың білімі мен дағдыларын дамытуға басымдық беріледі. Үкімет отырысында Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне жоспарланған өзгерістер туралы Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
«Жұмыспен қамту платформасы» арнаулы салық режимі
АҢДАТПА!
Қазақстанда азаматтардың дербес деректерін қорғау күшейтіледі
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының нормаларын жүзеге асыру жөніндегі жоспарланып отырған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Жыл басынан бері 3,3 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2026 жылы 3 335 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 168,2 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (47,8%) Қытайдан, 43,6% – Өзбекстаннан, 2,7% – Түрікменстаннан, 2% – Ресейден, 2,2% – Монғолиядан және 1,7 – басқа елдерден тіркелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.