Өңір жаңалықтары
Су тасқыны 2022: СҚО, ШҚО, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары тәуекелі жоғары өңірлерге жатады
БҚО, СҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштен орта есеппен 6-68 см-ге төмен. Бұл қардың баяу еруі кезінде су тасқыны кезеңінің өтуіне оң әсер етеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өтетін брифингте ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин хабарлады. Қарағанды облысының Нұра және Шерубайнұра өзендерінің бассейндерінде, Ақмола облысының Есіл өзенінің бассейнінде, Қостанай облысының Тобыл өзенінің бассейнінде қар астында топырақ бетінде қалыңдығы 1-5 см мұз қабығы байқалады.
Ылғал қорының көлемі Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар өзендеріндегі орташа көп жылдық мәндерден жоғары
Төтенше жағдайлар министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуде. Басқа апаттардың да, су тасқынының да салдарын жоюға қарағанда олардың алдын алу оңай және арзан. Бұл әлемдік тәжірибе және тиісінше, біздің саясатымыз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин мәлімдеді. Оның айтуынша, ақпанның алдын ала болжамын «Қазгидромет» РМК ұсынды.
Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылы Түркістан облысында атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.
ИИДМ басшысы: 2025 жылы Атырау-Доссор учаскесін бірінші санат бойынша Қарабатанға дейін қайта жаңарту басталады
Атырауға кіретін жолдың жүктемесін азайту үшін «жеңіл» ұсыныстар емес, техникалық шешімдер қажет. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Лұқпанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрімен кездесуде осындай пікір білдірді.
«Құлсары –Мұқыр» жолының құрылысы 2024 жылы басталады - ҚР ИИДМ
Атырау облысы жолдардың сапасы бойынша аймақтар арасында соңынан үшінші орында, 61 %. Республика бойынша көрсеткіш – 75%. Аңыз болып кеткен «Астрахань – Атырау» жолы 2021 жылға дейін бітуі тиіс болған. Қазір оның құрылысы тоқтап тұр. Халық 300 шақырым жерге, Астрахань шекарасына, Құрманғазы ауылының азаматтары жолдың жанымен жүріп, қиыншылық көріп отыр. Не себептен? Тағы бір жол мәселесі – «Құлсары – Мұқыр» жолы. Оның құрылысы екі жыл бұрын аяқталуы тиіс болатын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевқа осы мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. Ведомство басшысының айтуынша, «Астрахань – Атырау» жолы бойынша жұмыс басталды. Ол екі кезектен тұрады. Бірінші кезегі бітті, екінші кезегі созылып кетті.
Шымкент МӨЗ-де өңдеуші қуаттарды кеңейту бірқатар басқа проблемаларды шешуді қажет етеді - ҚР ЭМ
Шымкент МӨЗ-нің қазіргі қуаты жылына 6 млн тонна. МӨЗ аумағында жер учаскелерінің болуы, қалыптасқан инфрақұрылым, қазіргі өндірістік кешенмен синергия, өсіп келе жатқан тұтыну нарығында орналасу зауыттың өңдеу қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді. Дегенмен, бірқатар мәселелер ашық күйінде қалып отыр.
Бастау алды. Урбанистер Атырау қаласын трансформациялау тұжырымдамасын ұсынды
Атырау – Қазақстанның ірі қаласы, Жайық өзенінің жағасында орналасқан - Қазақстанның мұнайлы астанасы. Елдің ЖІӨ-дегі үлес салмағы бойынша оны Санкт-Петербургпен, Штутгарт пен Манчестермен салыстыруға болады және басқа танымал қалалар арасында әлемдік аренада өз орнын алуға әлеуеті бар. Мұндай перспективаларды урбанистер командасының мүшелері көрді. Оларды бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Q88 урбанистер қауымдастығының атқарушы директоры Алина Абдрахманова мәлімдеді.
Ақтау қаласында теңіз жағалауын дамыту ұсынылды – Q88 урбанистер қауымдастығы кеңесінің мүшесі
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Q88 урбанистер қауымдастығы кеңесінің мүшесі Ержігіт Балқыбеков Ақтау қаласын дамыту жөніндегі ұсыныстармен бөлісті. Ақтау - Қазақстанда теңіз жағалауында орналасқан жалғыз қала. Сондықтан ұсыныстардың көпшілігі осы теңіз жағалауын дамытуға, оны қаламен байланыстыруға қатысты. Алдымен жағалауды реконструкциядан өткізуді жалғастыру. Теңіз жағалауының ұзындығын 1,8 км көбейтіп, жаяу жүргіншілерге қолайлы етіп, бизнес нысандарын дамыту.
«Омикронды» қарапайым тұмау ретінде қабылдауға болмайды – Е. Тоғжанов
Соңғы айда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық 20 есеге артты. Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел қызыл аймақта орналасқан. Сырқаттанушылық деңгейі бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау облысы көш бастап тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Ол жаңа штаммның қауіпті екенін айтты.
Бас прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін одан әрі де шаралар қабылданады
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты рұқсат етілмеген митингілер басталғаны баршаға мәлім. Оларды елдің басқа да бірқатар өңірлеріндегі азаматтар қолдады. Дегенмен, заңдарды сақтау әрбір адамның борышы мен міндеті екенін бәрі түсінеді. Сондықтан, Бас прокуратура мен жергілікті прокурорлар алғашқы күннен бастап жиналғандарға заңнама талаптарын орындау қажеттілігі туралы бірнеше рет түсіндірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин мәлім етті.
Шымкентте 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған құқық бұзушылық фактілері бойынша 15 қылмыстық іс қозғалды
Арнайы мекемелерге бару жалғасуда. Бұл адам құқықтары мен конституциялық кепілдіктердің қорғалуына, қатыгездікке жол бермеуге және жабық мекемелерде ұстаудың басқа да кепілдіктеріне тәуелсіз бақылауды қамтамасыз ету үшін маңызды. Ұлттық алдын алу тетігінің топтары Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үйлестіруімен 11 өңірдегі 34-тен астам арнайы мекемелер мен тергеу изоляторларына барды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Сана Сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ директоры, Ұлттық алдын алу тетігі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі Шахноза Хасанова мәлімдеді.
Прокурорлар Президент тапсырмасына сәйкес ауыр қылмыстары жоқ адамдарға жазаны жеңілдету бойынша тиісті шаралар қабылдайды – Алматы қ. прокуроры
Барлық қылмыстарды тергеу үшін құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталған ведомствоаралық тергеу тобы құрылды. Террористік актілерге және басқа да қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қоғамдық қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев мәлімдеді.