Өңір жаңалықтары
Ө.Шөкеев: 2025 жылға қарай 130 жаңа мектеп салу жоспарланған
Түркістан облысында оқушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін 906 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді. Олардың барлығы полицияның жедел басқару орталығына қосылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев хабарлады.
Түркістан облысындағы көмір-химия комбинаты көмірден мұнай өнімдерін шығаруға бағытталған
Үстіміздегі жылдың 10 айында облыстың маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсімі сақталды. Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталып, 5 есеге өсті. Жалпы, облыс құрылғалы бері құны 396 млрд теңгеге 6 300 жұмыс орны ашылып, 114 инвестициялық жоба іске қосылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осындай көрсеткіштерді жария етті.
Ет экспорты бойынша өңір ел бойынша 1-орында – Түркістан облысының әкімі
Биыл қуаңшылыққа байланысты мал азығы тапшылығын жою мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде мал азығын дайындау жоспары 108%-ға орындалып, 4 млн тоннадан астам азық жиналды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев хабарлады. Оның айтуынша, мал шаруашылығында өсім 5% жетті, 291,4 млрд теңгеге өнім өндірілді. Ет экспорты бойынша облыс республикада 1-орында.
Тәуелсіздік жылдары жалпы облыс аумағында 8 000 шақырымнан аса автомобиль жолдары салынды
Түркістан облысында тұрғындар үшін елеулі және айтулы ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл мәселелердің түйінді шешілуі Елбасының айрықша қолдауының арқасы деп білемін. Кеңестік заманда жүзеге аспай, арманға айналған жобалардың бірі Сырдария өзенінен 430 метрлік «Тәуелсіздік көпірі» салынды. Бұл көпірдің маңыздылығы өте зор болды. Үш ауданның 350 мың тұрғыны республикалық күре жолға Өзбекстан аумағы арқылы өтпей шығуға мүмкіндік алды. Мәселе түбегейлі шешілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
Тәуелсіздік жылдарда жалпы халықтың әл-ауқаты жақсарды – Ө.Шөкеев
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 30 жыл ішінде өңірде атқарылған ірі жобалар мен халықтың өмір сапасының қалай өзгергені жайлы баяндады. Тәуелсіздік жылдары жалпы халықтың әл-ауқаты жақсарды. Әр өңірде ірі жобалар іске асырылды.
Шаруалар жем-шөппен 100% қамтамасыз етілген – Г.Әбдіқалықова
Қуаңшылық мәселесіне қатысты проблемалар өңір үшін өзекті. Малдың өлімін қалай тоқтаттыңыздар? Бұл жағдай келер жылы қайталанбай ма? Дайындықтарыңыз қалай? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға осы жайлы сұрады. Өңір әкімі судың аз боулына, қуаңшылыққа байланысты Арал ауданында осындай жағдай орын алғанын жеткізді. Жалпы саны 596 мал басының шығыны тіркелген. Осыған байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын.
Қызылорда облысының әкімі: Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өңірде бірқатар шаралар ұйымдастырылды
Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өңірде бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Сыр өңірінде жыл аяғына дейін тағы 2 мектеп пайдалануға беріледі
Білім беру саласында жаңа оқу жылы санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталды. 1 қыркүйекке 748 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде, 448 орындық екі мектеп – жеке меншікті. Жыл соңына дейін 900 орындық тағы 2 мектепті тапсыру жоспарланған, оның біреуі апаттық мектептің орнына. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Қызылордада азық-түлік бағасын тұрақты ұстау үшін кәсіпкерлерге айналым схемасымен несие беріледі
Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 17% жетті. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. Оның айтуынша, Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толықтыру мақсатында 2%-бен несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 400 млн теңге бөлінді.
Г.Әбдіқалықова: Балық өнімдерінің экспорты 2 есе өседі
Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мал шаруашылығында бүгінде мал саны 1991 жылғы деңгейден асып отыр. Жайылымдық жерлердің тиімділігін арттыруға және шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударылады. Ол үшін пайдаланылмаған жайылымдардағы 452 су көзін жөндеу жоспарланған. Бұл шамамен 1,7 млн гектар жерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Су тапшылығына қарамастан сыр шаруалары 500 мың тонна күріш өнімін жинады
Топырақтың қатты тұздануына байланысты суармалы жерлерде басқа дақылдарды тек күріштің ауыспалы егісінде сәтті өсіре аламыз. Сондықтан күріш егісін қысқарта отырып, күріш өсірудің тиімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Қызылорда облысында тұратын тұрғындардың 85% екпе салдырған
Қызылорда облысы «жасыл аймақта» болғанына қарамастан, коронавирустық инфекцияны тежеу негізгі бағыттардың бірі болып қалуда. Бүгінгі күні вакцинациялауға жататын облыс тұрғындарының 86,2%-ы вакцинаның бірінші компонентін алса, 72,5%-ы екінші компонентін алды. Бұл туралы өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.