Күн жаңалықтары
25.09.2025
Жарияланымдар · 12
Қостанай облысында 1 гигаваттық жел электр станциясы салынады
Қостанайда вице-министр Құдайберген Арымбектің Қостанай облысы тұрғындарымен кездесуі өтті. Ашық диалог барысында ол энергетика саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, инфрақұрылымды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы айтып өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Маңғыстауда қуаттылығы 150 млн текше метрлік жаңа газ жобасы іске қосылды
Маңғыстау облысындағы Тасбулат кен орнында жаңа газ жобасы іске қосылды. Оның мақсаты – энергетикалық тәуелсіздікті нығайту, ішкі ресурстық базаны кеңейту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Жұмысшы мамандықтар жылы: Қазақстанда алғаш рет TurkisSkills түркітілдес елдердің алғашқы кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
АҢДАТПА!
Азаматтарды өз денсаулығын қорғауды кейінге қалдырмауға шақырамыз - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындалуда. 22 тамызда санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы қаулыға қол қойылды. Құжат инфекциялардың таралуын болдырмауға бағытталған бірқатар шараны қамтиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлімдеді.
Бас санитарлық дәрігер вирустардан сақтану жолдарын еске салды
Әлем бойынша коронавирус пандемиясы аяқталғанымен, Қазақстанда халық арасындағы бұл аурудың таралуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады. Биылғы 8 айда 882 КВИ жағдайы тіркелді, өлім жағдайы болған жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ауру 1,6 есе төмен. Соңғы мониторинг деректері бойынша Омикрон варианттары айналымда. XFG тізбегінің айналымы басқа Омикрон түрлерімен салыстырғанда халық денсаулығына қосымша тәуекел тудырмайды. Бұл жайында ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Тұмау мен ЖРВИ-дің эпидемиологиялық жағдайына апта сайын мониторинг жүргізіледі
Елімізде жыл сайынғы жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау ауруының маусымы басталды. Республикада жыл сайын 4 млн жуық ЖРВИ және 2 мыңға дейін тұмау жағдайы тіркеледі. Тұмау мен ЖРВИ-дің эпидемиологиялық жағдайына апта сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты – Денсаулық сақтау министрлігі
2025 жылдың сегіз айындағы негізгі жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың арқасында Қазақстанда оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі және паратифті қоса алғанда, 21 инфекциялық аурудың жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлімдеді.
Қазақстанда 16,6 млн тонна астық бастырылды
Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 10,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 68,2%-ы жиналды. Нәтижесінде 16,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанда жаңа инвестициялық цикл іске қосылуда
Үкімет алдында 2029 жылға қарай экономиканың көлемін екі есеге арттыру міндеті тұр. Сондықтан Қазақстанда табысты инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа инвестициялық циклды бастау қажеттігін атап өтті. Жаңа инвестициялық цикл шеңберінде технологиялардың Қазақстанға трансфертін жүзеге асыруға қабілетті, жергілікті персоналды оқытатын және қазақстандық тауарлар үшін жаңа сыртқы нарықтарға қолжетімділікті ашатын негізгі инвесторларды іздеу және тарту басымдыққа ие болады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.
Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды күшейтуде
Қазақстан үкіметі ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес инвестициялық ахуалды және инвестицияларды қолдау құралдарын жақсарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Осылайша, Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің рөлі күшейтілді. Бұдан былай инвесторлар барлық қажетті рәсімді жеделдетілген және жеңілдетілген режимде өте алады. Республикалық инвестициялық штабтан бөлек өңірлік инвестициялық штабтар құрылды. Осы және инвестициялық ахуалды жақсартудың басқа да шаралары туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов айтып берді.
Қазақстанда экономикалық өсім мен инвестициялардың ұлғаюы байқалады
Жыл басынан бері Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады, оның ішінде нақты сектор 8,8%-ға, қызмет көрсету саласы 5,1%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 14,3%-ға өсіп, 11,5 трлн теңгеге жетті. Осылайша, инвестициялардың өсуі қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.
Астанада дәстүрлі «KitapTime – 2025» республикалық кітап фестивалі өтті
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында дәстүрлі «KitapTime – 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.