Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Қызылорда облысында мәдениет және спорт нысандарын салу қарқыны жоғары 22 желтоқсан 2025

Қызылорда облысында мәдениет және спорт нысандарын салу қарқыны жоғары

Қызылорда өңірінде 2022 жылдан бері 20 мәдениет нысаны бой көтеріп, ел игілігіне берілді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2 ауылдық клуб салынып жатыр. Барлық 7 ауданда 11 млрд 500 млн теңгеге «Руханият» орталықтары бой көтерді. Орталықта музей, кітапхана, архив, неке қию залдары, ардагерлер мен аналар кеңесі, жастар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың толық жабдықталған жұмыс кабинеттері ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, Қызылорда қаласында «Отбасы орталығы», «Анаға тағзым» орталығы, көпфункционалды мың орындық «Өнер» орталығы ашылды.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылорда өңірінде 28 медициналық нысан салынды 22 желтоқсан 2025

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылорда өңірінде 28 медициналық нысан салынды

Қызылорда облысында денсаулық сақтау саласын дамытуға, халықтың медициналық қызметтерге қол жетімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асуда. Соңғы үш жылда облыстың денсаулық сақтау саласына барлығы 441 млрд теңге қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйткілді мәселелер шешімін табуда. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Биыл Қызылорда аймағында білім беру саласына 346 млрд 800 млн теңге бөлінді 22 желтоқсан 2025

Биыл Қызылорда аймағында білім беру саласына 346 млрд 800 млн теңге бөлінді

Қызылорда өңірінде көлік-логистика саласында маңызды жобалар жүзеге асып жатыр. Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ел игілігіне пайдалануға берілді. Жобаны іске асыруға 16 млрд 700 млн теңге жеке инвестиция тартылды. Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға 4 млрд 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Жаңа терминалда халықаралық стандартқа сәйкес жолаушыларға барлық қызмет сапалы түрде көрсетілуде. Бұл туралыоблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді 22 желтоқсан 2025

Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді

Қызылорда облысы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, инфрақұрылымдарды қайта жаңғырту бағытында тиісті шаралар қабылдануда. Қызылорда қаласында «Акса Энерджи» түрік инвесторымен 215 млрд теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы салынды. Бюджет есебінен 15 млрд теңгеге 45 шақырым газ құбыры жүргізілді. Бұл жайында өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Келер жылы Қызылорда облысында су үнемдеу технологиясын кеңінен енгізу үшін 10 млрд теңге қарастырылды 22 желтоқсан 2025

Келер жылы Қызылорда облысында су үнемдеу технологиясын кеңінен енгізу үшін 10 млрд теңге қарастырылды

Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдауға 2022-2024 жылдары әртүрлі көздерден 203 млрд 81 млн теңгенің 16 мың 634 жобасы қаржыландырылды. Оның 37 млрд 962 млн теңгесі – мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапты. Биыл барлық қаржы көзінен 40 млрд теңгеге жеке кәсіпкерліктің 2 мың 464 жобасы қаржыландырылды. Нәтижесінде кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-дан асады. Өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында осылай деп мәлімдеді.

Биыл Қызылорда облысында 108 млрд теңге бюджеттік қаржы үнемделді 22 желтоқсан 2025

Биыл Қызылорда облысында 108 млрд теңге бюджеттік қаржы үнемделді

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштің өсімі қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн 100 млрд теңгені құрады. Жыл қорытындысы бойынша 3 трлн 700 млрд теңгеге жеткізіп, өсім 6,5% құрайды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Павлодар облысында «Қауіпсіз қала» жобасында ЖИ алгоритмдері қолданылады 19 желтоқсан 2025

Павлодар облысында «Қауіпсіз қала» жобасында ЖИ алгоритмдері қолданылады

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Қауіпсіз қала» жобасы туралы айтып, оны іске асыруға бюджеттен 9 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Аталған жоба жол және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, көшедегі қылмыс деңгейін төмендетуге және жол-көлік оқиғаларының санын қысқартуға бағытталған.

Павлодар облысының барлық тұрғыны ауыз сумен қамтылды 19 желтоқсан 2025

Павлодар облысының барлық тұрғыны ауыз сумен қамтылды

Биыл Павлодар облысында 26,2 млрд теңгеге 37 шақырымнан астам жылу желілерін салу, қайта құру және жөндеу жұмыстары жүзеге асты. Бұл жұмыстар апаттық жағдайлардың алдын алып, тозу деңгейін барынша төмендетуге және 200 мыңға жуық тұрғынды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыс халқы 100% сапалы ауыз сумен толық қамтылды. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

Биыл павлодарлық шаруалар 1,1 млн тонна астық жинады 19 желтоқсан 2025

Биыл павлодарлық шаруалар 1,1 млн тонна астық жинады

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірдегі бірқатар саланың даму жайына тоқталып өтті. Өңір ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі бойынша елде көш бастап тұр. Биыл бұл көрсеткіш 225 млрд теңгеге жеткізілмек. Нәтижесінде диқаншылар рекордтық 1,1 млн тонна астық жинады. Саланың дамуы азық-түлік бағаларының тұрақты сақталуына септігін тигізіп отыр.

2025 жылы Павлодар облысына 1 трлн теңге инвестиция тартылды 19 желтоқсан 2025

2025 жылы Павлодар облысына 1 трлн теңге инвестиция тартылды

Биыл Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері тұрақты өсімге ие. Өңірге 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Осы нәтижемен өңір республика бойынша 2-орынға шықты. Тартылған қаражаттың 80%-ы – жеке сектордың қаражаты. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ брифингінде хабарлады.

Қалада экологиялық мәселелерді шешуге басымдық беріледі – Алматы әкімі 17 желтоқсан 2025

Қалада экологиялық мәселелерді шешуге басымдық беріледі – Алматы әкімі

2026 жылдың соңына дейін Алматыда ЖЭО-2-ні табиғи газға көшіруді аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар ЖЭО-3-ті бу-газ технологиясына көшіру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар жиынтығында жылу көздерінен тараған зиянды шығарындыларды 92%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Алматы әкімі индустриялық аймақтарды кеңейту және көлік жүйесін дамыту туралы айтты 17 желтоқсан 2025

Алматы әкімі индустриялық аймақтарды кеңейту және көлік жүйесін дамыту туралы айтты

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық бере отырып, жаңа инвестициялық циклді іске қосуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда Алматыдағы Индустриялық аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) орналасуға инвесторлар тарапынан сұраныс қолда бар ұсыныстан асып отыр. Бұл туралы ОҚҚ көшпелі баспасөз конференциясында қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.